«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Соттың сиқы осы болса...

2016 жылғы 08 Желтоқсан
- Жетісу облысы
5181 просмотров

Кәсіпкер әйел бірнеше ай бойы өзінің жекеменшік кабинетіне кіре алмаған

Кәсіпкер Меруерт Төреғожинаның шағымы маусым айының соңында кәсіпкерлерді қорғау кеңесінің жиынында қаралған. Сол кезде кәсіпкер әйел Талдықорған қалалық сотының әкімшілік ғимаратындағы өз  кабинетіне кіре алмай жүргені анықталды. Жөндеу жұмыстарынан кейін ол бөлмеге апаратын сыртқы есікті таспен қалап, мүлдем жауып тастаған. Бұл меншік кәсіпкер әйелге марқұм анасынан мұраға қалған еді. Сондықтан  кәсіпкер әділет органдарына барса да, өз меншігін тіркеуге мүмкіндігі болмаған және техникалық тексеріс жүргізе алмаған.

Осы мәселені реттеу үшін, облыстық Кәсіпкерлер палатасы Алматы облыстық соты мен Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің кеңсесіне хат жолдайды. Бірақ мәселе сол қалпында шешімін таппаған күйі қала берді. Палата сарапшылары бірнеше мәрте соттың басшылығына барып, кәсіпкердің басындағы жағдайда шешіп беруді өтінген. Тек жақында ғана кәсіпкердің проблемасын шешудің сәті түсті. Сарапшылар Меруерт Төреғожинаны Алматы облыстық соты әкімшілігінің, Талдықорған қалалық сот кеңсесінің өкілдерімен, Алматы облыстық арнайы ауданаралық экономикалық сотының басшыларымен және мамандарымен кездестірді, содан кейін ғана оған өз меншігіне емін-еркін кіріп-шығуға мүмкіндік берілді. Сот қызметкері кәсіпкер әйелмен бірге барып, оған кабинеттің кілтін ұстатты. Бірақ сыртқы есікке тас қалап тастап, төте жолды жауып тастағандарды жауапкершілікке тартудың реті келмеді. Соттың өкілінің сөзінше, қазіргі кезде бұрынғы қызметкерлер сот әкімшілігінде жұмыс істемейді. Бірақ Палатадағылар істі ақырына дейін жеткізіп, кінәлілерді табуды көздеп отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер