«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тікелей инвестиция тартудың төте жолы

2016 жылғы 26 Шілде
9743 просмотров

Қазақстан фермерлеріне венгр банкі несие беретін болды

Бүгінде отандық кәсіпорындар тарапынан инвестициялар мен несиелендіруге сұраныс бұрынғыға қарағанда айрықша артып отыр. Қаржыландырудың жаңа бір көзі ретінде Венгрия Эксимбанкі мен «КазАгро» ұлттық холдингтерінің қатысуымен 2015 жылдың желтоқсан айында құрылған қазақ-венгр тікелей инвестициялар қорын айтуға болады. Қорда әлеуетті қарыз алушыға қандай талаптар қойылады? Инвестор келгеннен кейін кәсіпорында қандай өзгерістер орын алуы мүмкін? Бұл жөнінде www.palata.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ Басқарушы қаржы директоры – басқарма мүшесі Бану ЕРҒАЛИЕВА айтып берді.

– Бану Бақытжанқызы, қазақ-венгр тікелей инвестициялар қорының мақсаты қандай?

– Қор ауылшаруашылық жобаларын қаржыландыру мақсатында құрылған, оның ішінде мал шаруашылығы, одан әрі нақтылай түссек, құс еті, ірі қара мал еті, балық, жеміс-жидектер секілді бағыттарға басымдық беріліп отыр. Қордың бірлескен болғандығына қарамастан, жобалар Қазақстан аумағында 100%-ға іске асырылуы тиіс. Сонымен бірге аталған жобалардың әуелгі мақсаты – импортты алмастыру, екіншісі – экспорттың әлеуетін арттыру.

– Баспасөз мәслихатында сіз қордың басқарушы компаниясы 100-ден астам жобаны қарағанын айттыңыз. Осыны нақтылай кетсеңіз.

– Иә, мұндай ақпаратты бізге компания басқарушысы берген болатын. Осы жүз жобаның үшеуі іріктеліп алынды.

– Неліктен небары үш жоба ғана таңдалып отыр?

– Негізінде тікелей инвестициялар – бұқаралық сипатқа ие емес, не болмаса, несие немесе лизинг сияқты көтерме қаржыландыру емес. Тікелей инвестиция дегенді сол жобаға ену деп түсіну керек және бұл тұста мәселе ақшаға ғана тірелмейді. Инвестициялар түрлі технологиялар түрінде болуы да ықтимал, инвестициялау дегеніміздің өзі менеджмент я болмаса әдіснама да болуы мүмкін. Осыған орай, тікелей инвестицияға бөлшек өнім ретінде қарауға болады. Норма бойынша, Тікелей инвестициялар қоры жылына үштен беске дейін ғана жобаға қолдау көрсетуі тиіс. Таңдалып алынған жобалардың ішіндегі екеуі, яғни енгендері, 2016 жылдың соңына қарай жүзеге асырылады деп күтіліп отыр. Жобаларға он жылға дейін қолдау көрсетілмек. Бір-екі жоба 2017 жылға қалып отыр.

– Бұл қандай жобалар?

– Қор компаниясының басқармасымен жасалған келісімнің талаптары бойынша ақпаратты тек шешім қабылдағаннан соң ғана жария етуге болады. Бізге, бұл үш жобаның екеуі Ақмола облысында іске асырылып жатқаны белгілі, олар – минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт пен сүт-тауарлы ферма, екіншісі – Ақтөбе облысындағы жылыжайлар.

– Қор көмегімен тікелей инвестициялар алуға қызығушылық танытып отырған кәсіпорындарға қойылатын талаптар қандай?

– Бұл қордың инвестициялық стратегиясына байланысты. Мысалы қазақ-венгр қоры жұмыс істеп тұрған жобаларға ғана бағытталған. Соған орай, кәсіпорындарға арналған ең аз әрекет ету кезеңі белгіленген, жобадағы ұжымдық басқару деңгейіне қойылар талаптар бар, сонымен бірге, салаға қойылатын әлеуметтік-экономикалық әсер  жөнінде де талаптар бар. Яғни, оң әлеуметтік-экономикалық әсер күтіп отырмыз, біз үшін жаңа жұмыс орындарының құрылуы, жобаның жүзеге асу мерзімінде шығарылатын өнім көлемі, бюджетке түсетін салықтық түсімдер секілді көрсеткіштер маңызды болып отыр.

– Қордың кәсіпорынның кепілдеме мүлкіне қояр талабы қаншалықты қатаң?

– Кәсіпорындар үшін тікелей инвестициялар несімен тартымды? Кәсіпорын қайта несиелендіріліп отырған кезде бұл өте маңызды мәселе, тікелей инвестициялар қосымша кепілдік қамсыздандыруды қажет етпейді. Келісім құрылымы әртүрлі болуы мүмкін, инвестор тікелей инвестор ретінде кіріп, кейін ғана қарыз түріндегі қаржыландыру құрылымынан өзінің атынан тағы бір қарыз түріндегі қаржыландыруды қарастыруына болады. Мұның барлығында жобаның қай кезеңде жүзеге асырылып отырғаны маңызды. Әлбетте, кәсіпорын үшін тікелей инвестициялардың артықшылығы бар, кепілдікті қамсыздандырудың қажеті болмайды. Бұл тұстағы тағы бір ерекшелік – кәсіпорын қожайыны бірлескен меншік иесі келіп өз саясатын жүргізетіне, жобаны жаңа деңгейге шығаруға бағытталған айқын мақсатын жүзеге асыратынына дайын болуы керек.

– Қалай ойлайсыз, Қазақстанда тікелей инвестиция қорының болашағы бар ма?

- Біздің ойымызша, әлеует бар, олай болмаған жағдайда біз АӨК-дегі дәл осы сегментті нақты Қазақстанда дамытуды қолға алмас едік. Неліктен әлеует бар деп отырмын? Себебі бұл қазақстандық кәсіпорындар үшін де, Қазақстан несие берушілері үшін де тиімді. Несие беруші қарыздың капиталға қатынасы жақсарғанына мүдделі. Егер жобаға тағы да несие берушілер қатысар болса, қарыздық жүктеме де арта түседі. Егер жобаға өз ақшасын, ұзақ мерзімге шақталған ақшасын қосып, стратегиялық инвестор кірер болса, несие беруші үшін бұл үлкен артықшылық береді. Мұның сыртқы инвесторға да қызықты болуының үш себебі бар. Бірінші – бұл жер шары тұрғындары санының артуы, сәйкесінше, өнім көлемі де арта түспек. Екінші – әлемдегі азық-түліктік қауіпсіздік мәселесінің алға шығуы. Үшіншісі – экологиялық таза өнімге қайта бағдарлану, қазір сұраныс сан жағына ғана емес, сапа жағына қарай да ойыса түсуде. Қазақстанның сыртқы инвесторлар үшін тиімділігі осы тұста болып отыр.

– Сұхбатыңыз үшін рахмет!

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер