«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сертификация

Atameken Business Channel

Бизнес-күнтізбе

Сертификаттау

Тауардың шығарылған жері туралы сертификат

Қазақстан тауарының шығарылған жері туралы сертификат – тауар шығарған мемлекет Қазақстан Республикасы екенін растайтын құжат.

Тауарлардың шығарылған жері туралы экспорттық формадағы сертификаттар (СТ-1, СТ-2, EAV, А, Түпнұсқа) бекітілетін елде тарифтік артықшылық (кеден бажын азайту немесе босатылу), тарифтік емес реттеу (тыйым салулар, тауар шығаруға/жеткізуге шектеу қою) алу үшін рәсімделеді.

Бүгінде Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың шығарылған елін анықтау келесі Ереже арқылы жүзеге асырылады  

 

Экспортталатын тауарға шығарылған жері туралы сертификатты беру процедурасы

 

14 облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және елордадағы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну.

негіздеме – ҚР  Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылы 8 шілдеде №257 бұйрығымен бекітілген Тізімге сәйкес өтінім және құжаттар;

берілу мерзімі – өтінімді толық құжат топтамасымен тіркеу сәтінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

 

СТ-1, СТ-2, EAV формасындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың жарамдылық мерзімі: Түпнұсқа – берілген күннен бастап 12 ай, «А» үлгісіндегі – берілген күннен бастап 10 ай.

ІШКІ АЙНАЛЫМ ҮШІН ТАУАРДЫҢ ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРІ ТУРАЛЫ «СT-KZ» ҮЛГІСІНДЕГІ СЕРТИФИКАТ

Бос қоймалардан және еркін экономикалық аймақтардан тауар жеткізгенде ішкі айналым үшін, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға келісімшарт аясында алынатын тауарда жергілікті қамту үлесін растау үшін  бекітілген (келісімшарттың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін немесе қандай жағдай бірінші орын алғанына қарай 2021 жылға дейін).

«СT-KZ» үлгісіндегі сертификаттар ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылы 24 ақпанда №155 бұйрығымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауар шығарылған жер туралы сертификатты беру және оның жарамдылық мерзімін жою бойынша ереже негізінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасында беріледі.

«СТ-KZ» үлгісінде тауар шығарылған жер туралы сертификатты беру процедурасы

1-кезең. Тауар шығарылғанына сараптама жасау. Өтінім беруші өзі сараптамалық ұйымды таңдайды. Тауар шығарылған елді анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың реестрі және сараптамалық ұйымдардың тізімі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу комитетінің интернет-ресурсында жарияланады.

Сараптама келісімшарт негізінде жүргізіледі;

негіздеме – Ереженің 45-тармағына сәйкес өтінім және құжаттар;

сарапшы-аудитор өндіріс орналасқан жерге барады;

Сараптама жүргізу және акті беру мерзімі – өтінімді толық құжат топтамасымен тіркеу сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

2-кезең.  14 облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және елордадағы Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификатты рәсімдеу, растау және беру.

Негіздеме – өтінім, тауар шығарылғаны туралы сараптама акті, сараптамаға берілген құжаттар, ұсынылатын құжаттар тізімдемесі;

Сертификатты беру мерзімі – өтінімді толық құжат топтамасымен тіркеу сәтінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

Бірінші рет шығарылып отырған немесе негізгі жабдық тізімі өзгертілген, сондай-ақ технологиялық операцияларды өзгерткенде тауар позицияларына өтінім берген жағдайда  – өндірістік база, технологиялық жабдық және тауар сәйкестендіруінің бар екенін тексеру үшін тексеруге шығады. Мұндай жағдайда «CT-KZ» үлгісіндегі сертификат формасы 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде беріледі.

Ішкі айналым үшін тауардың шығарылған жері туралы сараптама актісінің жарамдылық мерзіміне байланысты «CT-KZ» үлгісіндегі тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың жарамдылық мерзімі берілген күннен бастап 12 немесе 36 ай болады.

Серіктестер