«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Аудандық (қалалық) кәсіпкерлер кеңесі

Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мақсаты Өңірлік палата филиалының жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуына қолайлы жағдай қалыптастыруына қолдау көрсету болып табылады.

Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің міндеттері:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бизнесті жұмылдыру;

2) кәсіпкерлікті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бағытындағы  әлеуметтік-экономикалық маңызы бар бастамаларды көтеру және қолдау;

3) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері қамтылған нормативті-құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу;

4) аймақтағы жеке кәсіпкерлікті дамытудағы басым міндеттерді анықтау бойынша ұсыныстар  дайындау;

Аудандық кәсіпкерлік кеңесі қызметінің негізгі бағыттары

1) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады;

2) жеке кәсіпкерлікті қолдау бағытында құқықтық базаны жетілдіру, әкімшілік кедергілерді жою, кәсіпкерлік климатты жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды;

3) мемлекеттік қолдау және қаржылық-несиелік, мүліктік, нормативті құқықтық, ақпараттық қолдау мен кадр дайындау саласында жеке кәсіпкерлікті дамытудың тиімділігіне талдау жасайды;

4) ауылдық жердегі шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелерін зерттейді, туындаған сұрақтарды шешу бойынша ұсыныстар әзірлейді;

5) кәсіпкерлік қызметті жетілдіру бойынша шешім қабылдауға қажетті ақпараттық-сараптамалық материалдарды дайындайды.

Аудандық кәсіпкерлер кеңесі әрбір ауылдық округтегі кәсіпкерлік субъектілер делегаттарынан, Өңірлік палатада (Өңірлік палата филиалы) аккредитацияланған ассоциациялар (одақтар) өкілдерінен, әрбір ауданда жетіден кем емес мүшеден құралады. Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің құрамы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесімен екі жылға бекітіледі.

Ереже

Серіктестер