«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астанада құрылыс саласын реттеу жөніндегі форум өтеді

2018 жылғы 20 Қараша
6954 просмотров

CLF-2018 форумы 23 қараша күні Астанада өтеді

Форумға 150-ден астам құрылыс саласының директорлары мен заңгерлері, бейінді заңгерлік фирмалар, қауымдастықтар мен мемелекеттік органдардың өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қатысады.

Форум бағдарламасында:

 -Тұрғын үй құрылысы, Коммерциялық жылжымайтын мүлік, Өнеркәсіптік және Инфрақұрылымдық құрылыс, құрылыстағы жаңа технологиялар, салықтық мәселелер мен дауларды шешу бойынша секциялар.

Стандартты емес пікірталастар: «Мемлекеттік органдардың және комиссиялардың қатысуынсыз құрылыс алаңдарын пайдалануға беру», және «Мемлекеттік құрылыс объектілерінде FIDIC-ті қолдану», «Құрылыста жобаларды басқару бойынша Бизнес-симуляция», коммерциялық жылжымайтын мүлік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша мысалдар тақырыбында пікірталастар.

 Форумды «Lincoln Conferences» адвокаттарға арналған іскерлік іс-шаралар бойынша жетекші компания және «BI Group и BI University» ірі құрылыс компаниясы ұйымдастырды. Іс-шараның стратегиялық серіктесі – «Артюшенко и партнеры» заңгерлік фирмасы. Ақпараттық қолдау – Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы, «BestProfi» ЖШС.

 Толық ақпаратты және іс-шара өтетін жерді сілтеме арқылы білуге болады.

  Тіркелу бойынша: Ақнұр Әденова, +7707-875-69-70, ak@lincolnconferences.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер