«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Қазақстанның үздік тауарына» дауыс беру басталды

2018 жылғы 15 Қазан
2745 просмотров

Үздік өндірушіні таңдау үшін  altynsapa.kz сайтында 15-25 қазан аралығында дауыс беруге болады.

Сайтта сараптау комиссиясы құжаттарын қарап, іріктеуден өткізіп, конкурсқа жіберген 27 финалист туралы ақпарат орналастырылған.

Отандық тауар өндірушілеріне өз дауысыңызды бергіңіз келсе сайтқа өтіп, кәсіпорын атауының жанындағы «дауыс беру» батырмасын басу керек. Жаңа ашылған терезеде тіркеуден өтесіз. Осыдан кейін тағы «дауыс беру» батырмасын басыңыз, есептік жазбаның мәліметтерін енгізіп, әр номинация бойынша қатысушыға дауыс беріңіз.

Халықтық дауыс беру нәтижелері комиссияның бағасына қосылады. Ең жоғары балл иегері «Қазақстанның үздік тауары» атағына ие болады. Жеңімпаздар желтоқсан айында марапатталады.

Айта кетейік, республикалық байқау-көрме 12-13 қазанда Астана қаласында өтті. Биылғы байқаудың аймақтық кезеңіне - 1163 өндіруші  (қатысушылардың рекордтық саны) қатысқан. Олардың 153-і Астанаға «үздік» атағын алу үшін келген.

Дәстүрлі түрде қатысушылар үш номинация бойынша сайысқа түседі. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер