«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан балмұздағы Қытай нарығында

2018 жылғы 30 Шілде
4609 просмотров

Танымал «Бомба», «Бахрома», «Мишка на полюсе» балмұздақтарының алғашқы партиясы Қытайға жіберілді

Қазақстанда жасалған балмұздақтың 10 тоннасы Алматыдан «Шин-Лайн» компаниясының жеке қоймасы орналастырылған Шанхай қаласына жеткізіледі. Шанхайдағы сол қоймадан Қытайдың солтүстік, шығы, оңатүстік шығысына таратылады.

«Шин-Лайн» ЖШС – Қазақстанда 1995 жылы құрылған, балмұздақ жасайтын озық кәсіпорындардың бірі және отандық балмұздақты шетелге экспорттаған алғашқы компания. Бүгінде компанияның қызмет бағытында Қазақстанда және Қырғызстандағы серіктес кәсіпорындарда өнім шығару және оны тарату жұмысы атқарылып отыр. «Шин-Лайн» Қазақстанда жылына 13 мың тонна өнім сұрыпталымының 140 атауын шығарады. Еліміздің барлық аумағына өнім тарататын жалғыз өндіруші саналады.

Компания биыл Қытай нарығына 200 тонна балмұздақ жеткізуді жоспарлап отыр. 2017 жылы Қытайда өткен 3 мамандандырылған көрмеге қатысқандықтан, ол жақтағы серіктестер тағатсыздана күтіп отыр, себебі 100-ден аса дистрибьютермен жеткізуге келісім жасалған.

«Бұл жыл жаңалығы болды. Қытайға балмұздақ жеткізген алғашқы отандық кәсіпорынбыз. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» палатасының отандық өнімді Қытайға шығару үшін атқарған ауқымды жұмысының жемісі, атап айтқанда балмұздақ жеткізуге қойылған шектеу алынып тасталды. Бүгінде Қытай нарығына экспорт басталды, бұл кәсіпорынның экспорттағы үлесін үш пайызға арттырады», – деп атап өтті компания тобының президенті әрі негізін қалаушы Адрей Шин.

Жеткізу көлемінің болашақта артуы сұранысқа байланысты, себебі Қытайда әлемде шығарылған балмұздақтың 3/1 тұтынылады. 2014 жылы Қытайдың балмұздақ нарығы америкалық көлемнен асып түсті. АҚШ сол уақытқа дейін көшбасшы  саналып келген еді.

«Ресей мен Қытайдың экспорттың нарығы ұсынысқа толы, бәсекелес. Мұндай жағдайда бізге нарық талабына сай келетін өнім шығару маңызды. Зерттеу жүргізілді, өнімнің жаңа құрамы мен технологиялық жасалу жолы дайындалды, жаңа қаптама да шығарылды.  Жалпы инвестиция құны 5 млн евро болды және жаңа өнімді шығару үшін жұмыс тобы 1,5 жыл уақыт жұмсады», – дейді Андрей Шин.

«Шин-Лайн» балмұздағының экспортқа шығарылуында мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу тұрғысынан зор мән жатыр. Бұл Елбасы атап өткен өндірісті іске асыру үшін инвестиция тарту, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру секілді маңызды тетіктердің орындалуының белгісі. Экспортқа шығу міндеті «Шин-лайн» өнімінің сапалылығы мен сұранысының жоғарылығынан жүзеге асты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер