«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нәтижеге бағытталған курстар

2015 жылғы 24 Қараша
- Қостанай облысы
10645 просмотров

«Бизнес-Кеңесші» тегін курстары аясында оқудан өткен жүзден астам қостанайлық кәсіпкер атанып, жеке іс ашуға кредит алды

Бұл туралы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының бейқаржылық қолдау бөлімі хабарлады.

Жыл басынан бері өңірде бизнес жүргізу негіздеріне 1062 адам оқып шыққан. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша және «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бағдарламасы бойынша қаржы алуға өтінім беру кезінде курстан өткені туралы сертификат болуы міндетті.

«Нәтиже ретінде, жыл басынан бері 107 адам «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бойынша 171,45 млн теңге сомасына қаржыландыруға ие болған. Тағы алтауы «Бизнестің жол картасы» бойынша 12,6 млн теңге мөлшеріндегі грант иегері атанды. Үшеуіне 14,59 млн сомасына ішінара кепілдендіру және субсидиялау ұсынылды», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы бейқаржылық қолдау бөлімінің сарапшысы Лейла Ақтаева.

Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-Мектеп» құрамдасын биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бағдарламасының «Кәсіпкерлік құзыретін дамыту» функционалдық бағыты аясында жүзеге асырды. Ол «Бизнес-Кеңесші» (ісін бастаушылар үшін) жобалары бойынша оқуды, тәлімгерлік қағидаттарын қолданумен жобалық оқытуды және «Бизнес-Өсімді» көздейді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер