«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында жоғары эпидемиологиялық маңыздағы нысандарда тексеріс жүргізу мәселелері талқыланды

2014 жылғы 22 Желтоқсан
3733 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитетімен бірлесіп кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту жөніндегі қолданылып жатқан шаралар аясында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы саласындағы тексерістерге қатысты мәселелерді талқылау үшін, бейнеконференция ұйымдастырды.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнесті тексеруге қойылған шектеудің күші жойылатыны белгілі, осыған орай отандық кәсіпкерлерде олар қандай жағдайда және қай салаларда сақталуы мүмкін деген орынды сауал туындайды. Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттер басшылары, сонымен қатар кәсіпкерлер қатысқан бейнеконференцияда осы мәселе сөз болды.

Іс-шара модераторы, Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енетін әрекеттегі заңнаманы өзгертумен байланысты мәселелерді талқылау болжанып отырғанын атап өтті.

«Біз мемлекеттік бақылау мен қадағалау ұйымдастыру тәртібін жүзеге асыру, Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет қызметінің аясында жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметіне мониторинг жасау және бақылау есепке алудың балама жүйелерін енгізу мәселелерін талқыламақшымыз», - деп түсіндіріп кетті ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.

Гүлнар Құрбанбаеваның сөзіне сүйенсек, ҚР аумағында кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жүргізілген тексерістердің 50 пайыздан астамы көбінесе санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындаумен байланысты тексерістерге, сондай-ақ техникалық реттемелер мен стандарттарды сақтаумен және бәсекелестікті қорғаумен байланысты мәселелерге қатысты болған.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет Төрағасы Әлиасқар Мәтішев хабарлағандай, ведомство қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзетулер әзірлеп, олар қазірде Парламент қарауында жатыр.

«Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың қолданыстағы жүйесі жоспарлы тексерістерге негізделген, алайда олар бүгінгі таңда бақылау нысандарындағы объективті жағдайды бағалауға мүмкіндік бермейді және бизнес үшін жағымды жағдай жасау жағынан жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа толық көлемде сәйкес келмейді», - деп мойындады Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет басшысы.

Ол сонымен қатар «бүгінгі таңда қолданылып жүрген санитарлық ережелердің техникалық талаптардың айтарлықтай көлемін белгілейтіндігін, оның үстіне өнім қауіпсіздігіне әсерін тигізбестен, әкімшілік кедергілер жасалып, ақырында жоспарлы тексерістер жүргізу кезінде жемқорлық құқық бұзушылыққа әкелетін жағдай жасайтынын» баса айтты.

Осыған орай Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет жоғары эпидемиологиялық маңызға жатқызылған нарық субъектілерін тексеруден босату үшін негіздемені көздейтін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіруді және нысандарда 4 форманың біреуін енгізуді ұсынды. Соның ішінде, ведомство нысанда мынаны енгізуді ұсынады: біріншіден –өндірістік бақылау, сонымен қоса ХАССП қағидаттарына негізделген жүйе, екіншіден – санитарлық аудиттің жағымды нәтижесінің болуы. Келесі бір нұсқа – сараптамалық аудит, яғни бұл ұйымдармен шарт бойынша жүзеге асырылатын бақылау, не болмаса жауапкершілікті өз еркімен сақтандыру.

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасы бас сарапшысы Марал Рахымжанова түсіндіріп кеткендей, тексерілетін нысандардың 4 тобы құрылмақшы.

«Бірінші топқа жоғары тәуекел дәрежесіндегі тексерілетін субъектілер (нысандар), оларға қатысты мыналар қолданылады: тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі; жоспардан тыс тексерістер; бақылау мен қадағалаудың өзге де формалары. Екінші топқа жататын субъектілер (нысандар), оларға қатысты мыналар жүргізіледі: таңдаулы; жоспардан тыс тексерістер; бақылау мен қадғалаудың өзге де формалары. Үшінші топқа жоспардан тыс тексерістер және бақылау мен қадағалаудың өзге де формаларына ұшырайтындар кіреді. Ал төртінші топқа өздеріне қатысты тексеріс жүргізусіз бақылау мен қадағалаудың өзге де формалары жүргізілетін субъектілер (нысандар) жатады», - деп ақпараттандырды Марал Рахымжанова.

Ол сонымен қатар «ҚР-да мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңға жасалған түзетулерге сәйкес, жоғары эпидемиологиялық маңыздағы нысандардағы тексерістер жоғары дережедегі тәуекел жағдайында жарты жылда бір реттен жиі, орташа дәрежедегі тәуекел жағдайында жылына бір реттен жиі өткізілмеуге тиіс екендігін атап өтті.

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Алена Магай бейнеконференцияда хабарлағандай, Қазақстанда тағамдық қауіпсіздік бойынша Орталық Азиялық оқыту орталығы құрылғанын, онда тыңдаушыларға тамақты қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарындағы ХАССП қағидалары оқытылады.

Алена Магайдың айтуынша, «Қауіпті факторларды талдау және сыни бақылау нүктелері» біліктілігін көтеру бойынша (54 сағат) оқу құны санитарлық-гигиеналық бейін мамандары үшін 86 мың теңге, ал шетелдік мемлекеттер мамандары үшін 143 мың теңге құрамақшы. Тамақ өнімдерін өндірушілер 45 мың теңгеге үш күндік тренингтен өте алады.

«ҚР денсаулық сақтау секторында институционалдық реформа жүргізу және технологияны беру» Дүниежүзілік банк және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жобасы сарапшылар тобының басшысы Анна Василенко ХАССП жүйесі, оның бұрыннан келе жатқан ИСО жүйесінен айырмашылықтары туралы әңгімеледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер