«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкер пікірі

«Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси»  ЖШС директоры Анар Дүйсенбайқызы "ҚР Ұлттық кәсіпкерлер туралы" заңының қабылдануына орай пікірін білдіріп, Палата қызметін оң бағалады.

"Өткен жылы, яғни 2015 жылдың 4 шілдесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы жаңа заңы қабылданды. Бұл азаматтар арасында кең талқыға түсті. Әсіресе жаңалыққа жаны құмар журналистер қауымы үшін бұл маңызды тақырып болды.

Елбасы елімізде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын қолдап, барынша жағдай жасап отырған тұста бұл заңның дер кезінде қабылданғанын да сөз еттік. Жер-жерде құрылған кәсіпкерлер палатасының алдағы уақытта бағыт алар бағдаршамы боларына сендік. Расымен заң қабылданғалы бері көп өзгерістер болды. Палата өз жұмысын ауқымды етіп, аумақтардағы кәсіпкерлерге көмек қолын созуға кірісті. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің өсуі мен одан әрі дамуы үшін институционалдық негіздерді қалыптастыру мақсатында құрылған Ұлттық палата өзіне кәсіпкерлік қоғамдастықты шоғырландыру; кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау; кәсіпкерлік субъектілері мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасауға жәрдемдесу; кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу сынды міндеттерді алды. Өз ісін бастауға ниет еткен, бірақ қалай, қашан, неден бастауға қиналған жандар дәл осы кәсіпкерлік палаталарынан көмек алды. Оған аудан тұрғыны және БАҚ өкілі ретінде өзіміз де күнделікті көз жеткізіп отырмыз. Тегін заңгерлік кеңестер, бизнес-жобаларға арнайы кеңестер де осы мекемеде берілді. Әрине, мұның бәрі заң аясында атқарылған жұмыстар. Сондықтан осыдан бір жыл бұрын қабылданған Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңы ел азаматтарына, оның ішінде қарапайым тұрғындар үшін көп дүниеге қол жеткізуіне көмекші болды деп толықтай айта аламыз".

Еншілес ұйымдар

Серіктестер