«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы салықтық хабарламалар бойынша түсініктеме берді

2025 жылғы 17 Наурыз
- Алматы қаласы
272 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Құрметті кәсіпкерлер!

Соңғы уақытта бизнес-қоғамдастық тарапынан мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлерге, оның ішінде блогерлер мен құрылыс компанияларына жаппай хабарлама жіберуіне алаңдаушылық білдіруде.

Осыған байланысты Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы 2025 жылғы 5 наурызда осы мәселеге қатысты Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерін шақыра отырып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді.

Құрылыс компанияларына хабарлама беру мәселесі бойынша фискалдық органның қызметкерлері бүгінгі таңда негізгі проблема  - түскен кірісті жасанды түрде бөлшектеу және кірістерді жасырумақсатында жеке кәсіпкерлерді пайдалану бар. Салық төлеушілердің осы санаты бойынша талдау жүргізіліп жатқандығын түсіндірді. Құрылыс компанияларына камералдық бақылау қорытындысы бойынша әлі хабарлама берілмегенін атап өтті.

Салық төлеушілердің басқа санаттарына, оның ішінде блогерлерге хабарлама беруге қатысты: еліміздің салық кодексінде «блогерлер» жеке санаты жоқ, бірақ кірісті төмендету деген санат бар. Алматы қаласында бүгінде 10000-нан астам жеке кәсіпкер тіркелген және камералдық бақылау қорытындысы бойынша кірістерді төмендету сомасы 100 млн.теңгеден астам, оның ішінде инфлюэнсерлер мен блогерлер кірді. Хабарламалар жіберілді. Белгіленген сома 30 жұмыс күн ішінде төленуі қажет. Оған келіспеген салық төлеуші қайта есептеу үшін, немесе хабарламаның күшін жою үшін жеке кәсіпорнының есеп-қисабын растайтын құжаттарымен салық органдарына түсініктеме бере алады.

ҚР ҰК 24-бабының нормаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктер салық органының сұрауы бойынша салық төлеушінің банк шоттарының болуы және олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

Бұдан басқа, ҚР ҰК 94-бабына сәйкес салық органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде камералдық бақылауды жүзеге асырады. Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Тиісінше, мемлекеттік кіріс органдары кәсіпкерлер қызметінің нәтижелері бойынша салықтық есептілік пен мәліметтер, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер ұсынған мәліметтер негізінде камералдық бақылау шараларын жүзеге асырады, олардың нәтижелері бойынша есептілік деректері мен банк шоттары бойынша мәліметтер арасында алшақтықтар анықталуы мүмкін.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы  Б. Бегалиев

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер