«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар облысының Май ауданы «Атамекен» Палатасының өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне делегат таңдады

2025 жылғы 04 Ақпан
- Павлодар облысы
362 просмотров

Жергілікті бизнес өкілдері ашық дауыс беру арқылы өз таңдауларын жасады.

«Ақжар Өндіріс» агрофирмасы ЖШС директоры Гүлзира Қазылова мен «FishFarm» шаруа қожалығының басшысы Ернұр Қожабеков Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне кіруге тілек білдірді. Ашық дауыс беру бірінші кандидатты сайлаумен аяқталды.

"Сізді "Атамекен " ӨКП өңірлік кеңесіне сайлануыңызбен құттықтаймын. Сіздер бизнес, ауыл шаруашылығы саласында үлкен тәжірибеге және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға мүмкіндік беретін барлық қасиеттерге ие ", - деді өңірлік комиссияның хатшысы, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов Гүлзира Қазыловаға.

Ол Май аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелеріне өңірлік кеңеске делегатты сайлауға қатысқаны үшін, ал «Атамекен» ӨКП филиалының директоры Сайлаугүл Жақыповаға оны сайлау рәсімін нақты ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер