«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Біз таңдаймыз, бізді таңдайды... Алматыда кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесіне сайлау өтуде

2025 жылғы 28 Қаңтар
- Алматы қаласы
1139 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Сайлаудың екінші күнінде микро және шағын бизнесті қолдау және дамыту салалық Кеңесінің, іскер әйелдер салааралық Кеңесінің, логистика және сауда салалық Кеңесінің, таза өндіріс салалық Кеңесінің сайлаушылары дауыс берді.

Елімізде бизнес-субъектілердің ең үлкен үлесі бар Алматы қаласы үшін әрбір кеңестің жұмысы ерекше маңызға ие. Себебі Өңірлік кеңестің жаңа құрамына салалық кеңестердің 22 мүшесі кіреді. Тағы 8 орын - аккредиттелген қауымдастықтар өкілдерінің еншісінде.

Биылғы сайлау жаңаша өтуде. Өңірлік кеңес құрамына салалық Кеңестердің жұмысында белсенділік танытқан, бизнес және халықтың жағдайына бей-жай қарамайтын кәсіпкерлер арасынан жаңа тұлғалар мен көшбасшылар тартылуда. Бұл өңірлік деңгейде бизнес мүдделерін қорғауда тиімді жүйе қалыптастыруға  және өзекті мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

«Өңірлік кеңес - өңірлік палатаның дирекциясын, оның бюджетін құратын, жыл басында бекітілген жұмыс жоспарларының орындалуын бақылайтын орган. Сондай-ақ, өңірлік кеңестің талқылауына бизнес мәселелері, оның мүшелерінің пікірі бойынша өңірлік палатаның жұмысына қабылдануы тиіс сауалдар іріктеліп, жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен нысаналы жұмыс жүргізіледі деп күтілуде. Кандидаттар сайлауалды  бағдарламаларын қаңтардың 17 мен 26 жұлдыздары аралығында өткен кездесулерде, және әлеуметтік желі арқылы жеткізді.  Сондықтан мұнда тек дауыс беру процесі жүріп жатыр», - деп атап өтті «Атамекен» ӨКП директорының м.а. Жанна Мырзақұлова.

Әрбір кеңестің кандидаттарын сайлау барысын өңірлік сайлау комиссиясы өкілдерінің және кандидаттардың өздерінен кемінде 6-7 бақылаушы қадағалауда, сондай-ақ процесті толығымен дауыс беріліп жатқан залдың үш жерінде орнатылған үш бейнекамера таспаға түсіруде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер