«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңеске делегаттардың алдын ала сайлау науқаны басталды

2025 жылғы 10 Қаңтар
- Астана қаласы
388 просмотров

Астана қаласындағы Кәсіпкерлер палатасында Өңірлік кеңеске делегаттардың алдын ала сайлау науқаны ресми түрде басталды.

Осы үдеріс аясында «Құрылыс және жер қатынастары» салалық кеңесі мен  Кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген ассоциациялардың агитациялық науқаны өтті, бұл құрылыс саласы мен жер қатынастары саласындағы барлық қатысушылар үшін маңызды оқиға болды.

Іс-шара барысында Региондық кеңеске кандидаттар өз бағдарламалары мен саланы дамытуға бағытталған негізгі ұсыныстарын таныстырды. Агитацияның маңызды бөлігі ретінде саланың дамуына тікелей әсер ететін басты мәселелер талқыланды.Кандидаттар өз бағдарламаларын таныстырып, бизнес қауымдастығымен өзара әрекеттесуді жалғастырады, сол арқылы болашақта өңірдің құрылыс саласын одан әрі динамикалық әрі тұрақты ету үшін жұмыс істейді. Кәсіпкерлер мен саланың өкілдері ең лайықты кандидаттарды таңдай алады, олар жинақталған мәселелерді тиімді шешіп, өңірдің маңызды экономикалық секторларын дамыту үшін жаңа идеяларды ұсынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер