«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қытайға терезе: ҚХР серіктестерімен тиімді ынтымақтастық

2025 жылғы 10 Қаңтар
- Түркістан облысы
427 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен Мақсат Абжанов «Қытайға терезе» атты тегін мастер-класс ұйымдастырды.Шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлердің халықаралық ынтымақтастығын дамыту және ҚХР-мен тиімді жұмыс істеудің заманауи жолдарын көрсету.

Бұл бірегей шара Қытай Халық Республикасымен сауда және серіктестік жасауға мүдделі кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Кімге арналған?
    •    Қытайдан сенімді серіктестер іздейтін кәсіпкерлер.
    •    Логистика мен төлемдер процесін оңтайландырғысы келетіндер.
    •    Қытаймен сауда-саттықты тиімді ұйымдастыруды үйренгісі келетіндер.

Мастер-класста не талқыланады?

Серіктестер мен тауарларды іздеу
    •    Қытай нарығынан қажетті тауарлар мен серіктестер табу жолдары.
    •    Техникалық тапсырманы (ТТ) нақты дайындау әдістері.
    •    Қытайдағы кеңсе арқылы жеткізушілерді іріктеу.

Келіссөздер мен келісімшарттар жасау
    •    Қытай тілінде алдын ала келіссөздер жүргізу.
    •    Екі тілде келісімшарттар дайындау және аударма қызметін ұйымдастыру.

Қауіпсіздік пен мәміленің айқындылығы
    •    Қытайдағы серіктестердің заңды мәртебесін тексеру.
    •    Тауар тиеу процесін бақылау.

Логистика мен есеп айырысу схемалары
    •    Жеткізу мен төлемнің тиімді жоспарларын құру.

Қосымша мүмкіндіктер
    •    Сенімді өндірушілермен келісімшарт жасау.
    •    Импорт-экспорт үдерістерін оңтайландыру.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев «Қытайға терезе» жобасы Қытай нарығына ашылған жаңа мүмкіндік екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер