«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар полициясы «Атамекен» Палатасында көші-қон, тергеу және әкімшілік полиция мәселелері бойынша бизнеспен кездеседі

2024 жылғы 25 Қараша
- Павлодар облысы
175 просмотров

Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында 29 қарашада сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін көші-қон қызметі, тергеу және әкімшілік полиция саласындағы проблемалық мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілерін жеке қабылдауды өткізу жоспарлануда.

"Кездесу өңірлік полиция департаментінің өкілдерімен бизнесті қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында ұйымдастырылады", - дейді "Атамекен" ӨКП директоры Ерқанат Әбенов.

Жеке қабылдауға жазылу мына телефон нөмірі бойынша жүргізіледі: 660311 (ішкі. 5518).

Сондай-ақ, құқық қолдану тәжірибесін зерделеу және түсіндіру мақсатында жоспарланған тұрақты семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстары аясында Кәсіпкерлер палатасының алаңында мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер