«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы қаласының кәсіпкерлері Президент жолдауын талқылауда

2024 жылғы 11 Қыркүйек
- Алматы қаласы
3872 просмотров

Дереккөз: vecher.kz

Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы әрқайсымыз үшін бағдарламалық құжат болып табылады. Бұл жолы Мемлекет басшысы ШОБ саласын ұлғайту қажеттігін атап өтіп, ел үшін одан әрі дамудың ең өзекті кезеңдерін  негізгі 9 басымдыққа бөлді.

Президент отандық бизнесті қолдаудың неғұрлым пәрменді тетіктерінің бірі ретінде салықтық әкімшілендіруді, елдің салық саясатын оңайлатуды тапсырды. Кезең-кезеңімен көлеңкеде қалған отандық бизнес заңды жұмыс тәсіліне көшуде, бұл кәсіпкерлерге тексерулер мен бұзушылықтарды анықтаудан қорықпай жұмыс істеуге мүмкіндік береді, яғни тиімділік пен өнімділікті арттырады. Кәсіпкерлер қолданыстағы заңнамадағы барлық өзгерістерді әрдайым мұқият қадағалап отырады және жаңа салық кодексінің жобасы форумдар барысында да, «Атамекен» өңірлік палаталарының алаңындағы кездесулер кезінде де бірнеше рет талқылан-тын.

«Алматы қаласының кәсіпкерлері «Атамекен» өңірлік палатасының алаңында бірнеше рет жаңа Салық кодексінің жобасын талқылап, Үкіметке өз ұсыныстарын жолдауды көздеген болатын. Біз Президенттің өзі салықтық әкімшілендіру жүйесіндегі кейбір қиындықтарды атап өтіп, салық төлеушілерге деген сенім негізінде қолданыстағы салық жүйесін қайта жүктеуді ұсынғанына өте қуаныштымыз. Мұнда бөлшек салық туралы айтқаны өте жақсы. Бизнес бұл салыққа сенді, сондықтан көптеген адамдар жасырынбай жұмыс істей бастады. Бөлшек салық қалады деп үміттенемін. Бұл көптеген көлеңкелі және жартылай көлеңкелі кәсіпорындарды көлеңкеден шығаратын әлемде қолданылатын оңтайлы шара. Барлығы өзіне қойылған салықты төлеу міндетті. Бұл аксиома болуы керек. Сондай-ақ кәсіпкерлер үшін қарызын бөліп төлеуді қолдану  өте дұрыс, өте өзекті ұсыныс. Есеп айырысу барысында байқаусызда жіберілген қате үш жыл, бес жыл ішінде айыппұлдар мен өсімпұлдар салынып, үлкен төлем сомасына айналуы мүмкін. Бөліп төлеу енгізілсе, бизнес өз балансын жоспарлай алады, қарыздарын өтей алады және жұмысын жалғастыра алады. Бұл үлкен қолдау», - дейді Мемлекет басшысының жаңа Жолдауына  пікір білдірген «MRZ HOLDING» ЖШС директоры Арыстанбек Жұмағұлов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер