«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда ең ауқымды жиһаз көрмесі өтуде

2024 жылғы 12 Маусым
- Алматы қаласы
5804 просмотров

Дереккөз: РПП «Атамекен» г. Алматы

9 мемлекеттен 160-тан астам компания өнімін тізіп шықты. Іс- шараның ашылуына қатысқан «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әмірин, тауар өндірушілер бұл жерден  жаңа серіктестер табуға, тиімді келісімдер жасауға, жиһаз өндірісіне инвестиция салу арқылы бизнестерін кеңейтуге үлкен мүмкіндікке ие болатынын атап өтті. Алайда, ұлттық қолдау шараларын «Атамекен»  Үкіметпен бірлесіп отандық тауар өндірушілер, әсіресе жайлы мектеп жобасына кіргендерді қолдау үшін әзірлеуде.

Салтанатты ашылудан соң келген меймандар 12-14 маусым аралығына жиһаз көрмесі жайылған «Атакент» халықаралық көрме кешенінің павильондарына ағылды. Табалдырықтан аттап өткенде, ұста шеберханасына кіргендей, бірден кесілген  ағаштың иісі баурап алады.  Көрмеде жиһаз жасаудағы материал, дайын компоненттер, әр түрлі қаптамалардан бастап, тіпті нақты интерьерді жаңғыртатын жиналған үлгілер, сонымен қатар жиһаз өндірісі мен ағаш өңдеудегі  инновациялық жабдықтар ұсынылған. Ұлттық экономика министрлігі, «Атамекен» ұлттық палатасы, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі Қауымдастығы өкілдерінен құралған делегация бірінші кезекте отандық үлгілермен танысты.

«Атамекен» Үкіметпен бірлесіп, отандық тауар өндірушілерді барынша қолдау, оларға ағымдағы геосаяси жағдай жағдайында қатаң бәсекелестік орнату, сонымен қатар отандық өндірушілерді жұмыспен жүктеу үшін нақты шаралар әзірлеуде. Қазір әзірленіп жатқан технологиялық операцияларға ден қойылып, мемлекеттік қолдау шаралары нақты өндірушілерге бағытталатынына ерекше назар аударылады. Біз осы бағытта Үкіметпен бірлесіп белсенді жұмыс істеп жатырмыз және осы бағытта одан әрі жұмыс істеуді жалғастыруға дайынбыз», - деп атап өтті «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әмірин.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға қатысатын кәсіпорындардың өнімдеріне -  ерекше назар. Көрме барысында «Атакенттің» мәжіліс залында жиһаз өндірушілер және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының өкілдерімен кеңес өтті. Тауар өндірушілер Қауымдастық президенті – Қанат Ибраевтің, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әміриннің және «Samruk - Kazyna Construction» АҚ іске асыратын «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының мониторинг тобының жетекшісі Қуат Жылқыбаевпен кездесті. Құрылысшылардың қоймаларда дайын, сапалы өнімдері бар өндірушілерден бас тартуына, басқа өндірушілерге артықшылық көрсетуі сияқты жағдайларға наразылық білдірді.  Сонымен қатар, олар мемлекеттік сатып алудың ашық еместігін айтты: кәсіпкерлер тек сатып алу бағасын көріп, басқа қатысушыларды көрмейді. Бұл, олардың пікірінше, сол әлеуеті ауқымды компанияларға тендер кезінде басымдық беріліп, жаңа енген өндірушілер іліге алмай қалады деген ойға итермелейді

«Мердігерлік ұйымдарға, құрылыс компанияларына, тікелей отандық компанияларды жүктеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға қатысты көптеген мәселелер бар. Бірқатар аймақтарда, өндірістік цикл өндірістік мүмкіндігін арттыруға  жағдай туындатып отырғанына  қарамастан, келісім шарттарды бұзу сәттері орын алуда. Компаниялар өндіріске инвестиция салады, үлкен қаражат жұмсайды, жиһаз жасайды, - оның барлығы сұраусыз қалады.  Қазірдің өзінде сол жайлы мектептер үшін көптеген өнімдер шығарылатын жағдайлар бар, бірақ сол өндірушілер бұл жұмысқа тартылмайды. Бұл жерде Үкіметпен бірлесіп осы кейстерді нақты қарастыру және импорттық өнім үшін нарықты барынша жабу қажет, өйткені Ел Президенті, сондай-ақ Премьер-Министрдің тапсырмасы шеңберінде отандық тауар өндірушілерге барынша тікелей қолдау көрсету көзделген. Мұнда «Атамекен» ҰКП Үкіметпен бірлесіп, қатысуға ниет білдіретін компаниялардың мүдделерін қорғауға бірлескен күш-жігерін жұмсайды», - деп Мұрат Әмірин басқосуды қорытындылады.


 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер