«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету - кәсіпкерлердің ашық жұмыс істеуіне жол ашады

2024 жылғы 20 Ақпан
- Жетісу облысы
7915 просмотров

Бөлшек салық мөлшерлемесін төмендету туралы мәселе облыстық кәсіпкерлер палатасында бірнеше рет талқыланып, нәтижесінде ол кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.

Кәсіпкерлер палатасы бизнес субъектілерінің өтініштері негізінде осы бағытта жұмыс жүргізді. Аталған мәселе бойынша кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы билік өкілдері және депутаттармен алғашқы кездесуі былтырғы көктемде өтті. Содан кейін халық қалаулылары салықтар шынымен жоғары деп санап, оны төмендетуге байланысты кәсіпкерлерді толық қолдады. Сол кезде олар бизнес-қоғамдастықпен ынтымақтаса отырып, салық мөлшерлемесін төмендету аймақтағы кәсіпкерліктің белсенді дамуына ықпал етіп, кірістерді көлеңкеден шығаруға мүмкіндік беретінін айтты.

Осылайша, салық мөлшерлемесін төмендетуге Талдықорған және Текелі қалаларының, Алакөл, Ескелді, Сарқан, Ақсу, Көксу, сондай-ақ Қаратал аудандарының депутаттары бірауыздан дауыс берді. Нәтижесінде екі қала мен төрт аудан пайызды 2-ге дейін төмендетті, ал Сарқан мен Алакөл 3 пайызға дейін жеткілікті деп тапты.

Айта кетейік, Қазақстанда бөлшек салықтың арнайы салық режимі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ретроспективті түрде енгізілді және тұрақты негізде қолданылады. Оны жұмыскерлер саны 200 адамнан аспайтын, ал табысы күнтізбелік жылға 600 мың АЕК құрайтын кәсіпкерлер қолдана алады. Бизнесті дамытуға, ашық жұмыс істеуге мүмкіндік беретін салықтық жеңілдіктер беріледі.

Биылғы 15 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бөлшек салық үшін қызмет түрлерінің тізімі 190-дан 364-ке дейін ұлғайтылды, бұл тауарлардың түпкілікті бағасын төмендетуге және бизнеске салық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Өткізілген жұмыс барысына сауда кеңесінің төрағасы Эдиль Қазақпаев түсініктеме берді.

«Кәсіпкерлер палатасы бөлшек салық мөлшерлемесін төмендетуге түбегейлі ұмтылды және біз өкілді органдарымызды салық жүктемесін азайту қажеттілігіне сендіре алдық. Бұл режимге – «бөлшек салық» ЭҚЖЖ бойынша қызмет түріне байланысты кез келген ЖК немесе ЖШС ауыса алады. Қазіргі уақытта қызмет түрлері 364-ке дейін кеңейтілді, болашақта салық салушылар бұл тізімді одан әрі кеңейтуге уәде берді», – дейді Эдиль Қазақпаев.

Сонымен бірге, оң үдерістерге қарамастан, облыстың екі ауданында бөлшек салықты төмендету мәселесі шешілмей қалды. Кербұлақ және Панфилов аудандарының депутаттары егер бизнес кездесуіне барсақ, бюджетке түсетін салық түсімдері күрт төмендейді деп қауіптенеді. Өңірдің бизнес-қауымдастықтары егер бөлшек салық мөлшерлемесі өзгеріссіз қалса, онда кәсіпкерлер «көлеңкеге» кетуге мәжбүр болады деп ескертеді. Олар өз бизнесін ең төменгі мөлшерлеме қабылдаған өңірлерде жалғастырады. Осылайша, бұл сол өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін. Мөлшерлемені төмендету – кәсіпкерлердің ашық жұмыс істеуіне жол ашады.   

Кербұлақ және Панфилов аудандарының депутаттары осы мәселеге мұқият қарауы тиіс. Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері бұл жағдайды әлі де талқылауға арналған алаң болуға дайын екендерін айтады.

Бір сөзбен айтқанда, бұл мәселеге ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін нүкте қойылуы тиіс. Қорытындылай келе, кәсіпкерлер әлі де өкілді органдардың қолдауына мұқтаж. Өйткені, олардың табысты қызметі жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлерден салық түсуіне және халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлкен серпін береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер