«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

I - ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі «KazAgro/KazFood Turkistan2023»

2023 жылғы 20 Наурыз
- Түркістан облысы
4657 просмотров

Түркістан қаласында алғаш рет «KazAgro/KazFood Turkistan2023» I-ші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтті. Көрме-жәрмеңкенің мақсаты – ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің өнімдері мен қызметтерін көрсету және сату. Осы көрме аясында қатысушылар іскерлік байланыстар орнатып, бизнес-келісімшарттар жасасады. Сондай-ақ, бұл іс-шара Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан, Қытайдан, Түркиядан, Голландиядан және т. б. 100-ге жуық отандық және шетелдік қатысушыларды біріктіруге арналған.

Көрме-жәрмеңкенің іскерлік бағдарламасы ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамыту саласындағы жаһандық тақырыптарға арналған форумдар.

 

«Тиімді ауыл шаруашылығына арналған заманауи технологиялар» сессиясында алғы сөзді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков бастады.

 

«Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында агробіліктілікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымы – Ұлттық ағрарлық ғылым беру орталығы» (НАНОЦ) КЕАҚ  жүзеге асыруда. Бұл жұмыс бизнес пен нақты өндірістен оқшауланып жүргізіледі. Қазірдің өзінде мемлекет аграрлық саладағы мемлекеттік саясатты қайта қарап, агробіліктілікті кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей қатысуымен қолдануы керек. Тауар өндірушілерінің кәсіби біліктіліктерін көтеру қажеттілігіне маңыз беру арқылы, «Агро-біліктілік» атты жобаны іске қосу  жоспарлануда», – деп атап өтті Тимур Нақыпбеков.

 

«KazAgro/KazFood Turkistan2023» көрме-жәрмеңкесінде отандық тауар өндірушілер мен сауда объектілерінің тікелей өзара іс-қимылына бағытталған «Қазақстанда жасалған» (Made in KZ) жалпыұлттық жобасы ұсынылады және жергілікті нарықта заманауи және сапалы отандық өнімді жан-жақты қолдау болып табылады.

Көрме-жәрмеңке жұмыс істеген күндері нарық бүкіл бизнес-қауымдастықтың жемісті қарым-қатынасына және отандық және шетелдік компаниялар, салалық одақтар мен қауымдастықтар, тәжірибелі сарапшы-практиктер мен мемлекеттік құрылымдар өкілдері арасындағы сындарлы диалогқа толы болады.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев форумда шетелдік инвесторлармен агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 257 млрд теңгені құрайтын 10 келісім меморандумына қол қойылғандығын атап өтті.

 

«Форум барысында келіссөздер мен тәжірибе алмасу жиындары өтіп, кәсіпкерлердің идеялары тыңдалды. Агросала табысын арттыру жолдары талқыланып, 10 келісім меморандумына қол қойылды», – деді Асылан Ибадуллаев.

 

 

Жоғарыда аталған себептердің барлығы туризм, мәдениет, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі дамыған Түркістан сияқты көп қырлы қалада сауда көрмелері мен жәрмеңкелерін өткізуге ықпал етеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер