«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда кәсіпкерлер импортты алмастыру жобаларына қатысу шарттарымен танысты

2023 жылғы 03 Ақпан
- Атырау облысы
7366 просмотров

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының сатып алуына қатысу шарттары және ордың отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары туралы бизнес субъектілеріне «Атырау облысында кәсіпкерлікті дамыту» конференциясы барысында айтылды. 

Шараны Атырау облысының әкімдігі, «Самұрық-Қазына Контракт»  ЖШС және «Атамекен» ҰКП ұйымдастырды.

Конференцияның негізгі мақсаты – қордың сатып алуына қатысу,  қорда отандық өндірушілерді қолдау шаралары, алдын ала біліктілікті іріктеу тетігі қалай жұмыс істейді, сондай-ақ офтейк-келісімшарт жасасу арқылы ұзақ мерзімді кепілдік берілген тапсырысты алу арқылы импортталатын өнімнің жаңа өндірісін қалай ұйымдастыру керегі туралы  ақпаратты қоғамдастыққа қолжетімді ормада жеткізу.

«Атап айтқанда, бүгін біз импортты алмастыру бағдарламасына баса назар аударып отырмыз. Бұл бағдарламаны Қор 2018 жылдан бастап іске асырып келеді. Оның негізгі міндеті - елде жаңа бірегей өндірістер құру және жергілікті қамту үлесін ұлғайту. Жыл сайын біз тапсырыс берушілеріміздің, яғни еншілес компаниялардың бізден сатып алынатын, бірақ өндірілмейтін тауарларға қажеттіліктеріне талдау жасаймыз. Осы мәліметтер негізінде біз импортты алмастыруға жататын тауарлар пулын құрып,сайтымызда жариялаймыз. Мұнда кез келген кәсіпкер техникалық ерекшеліктерді, қажеттіліктерді, жеткізу шарттарын зерделей алады және ҚР-да тауарды окализациялау туралы шешім қабылдай алады. Өз тарапымыздан біз ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарт береміз», – деді «Самұрық-Қазына онтракт» ЖШС бас директорының орынбасары Дархан Рамазанов.

Конференция аясында Атырау облысының әкімдігі, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және «Атамекен» ҰКП арасында импортты алмастыру көлемін арттыру және отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

«Бұл келісім кәсіпкерлерге Қордың сатып алу жоспарлары туралы алдын ала білуге мүмкіндік береді. Біз бұл бизнес үшін үлкен артықшылық деп санаймыз. Өйткені алдын ала ақпаратқа ие бола отырып, олар сатып алуға мұқият дайындала алады. Сондай-ақ, елімізде кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істейді, онда бизнеске сатып алу рәсімдеріне дайындалу және қатысу бойынша барлық қажетті көмек көрсетіледі. Мұндай конференциялар бизнесті ақпараттандыру, оқыту тұрғысынан өте пайдалы және олар мүмкіндігінше жиі өтуі керек. Біз, ҰКП ретінде, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қормен тығыз жұмыс істейміз және бұл жұмыс жалғасатын болады», - деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі – аппарат басшысы Бауыржан Оразғалиев.

Кәсіпкер Айбек Салыбеков – конференцияға қатысушылардың бірі. Қазір серіктеспен бірге олар өз өнімдерін сатудың жаңа нарықтарын іздеу үстінде.

«2020 жылдан бастап серіктесімізбен бірге біз төсеніштер өндірумен айналысамыз. Осы конференцияның өтетінін біліп, оған қатысуға шешім қабылдадым. Мұнда мен өз өнімдерімді қайда сата алатынымды біліп қана қоймай, бизнес үшін жаңа ишалар ұсынылды. Біз шетелдік өнімдерді ығытыстыру үшін қандай тауарлар шығара алатынымызды және мемлекет қандай көмек көрсете алатынын білдік. Бұл бизнес үшін өте пайдалы ақпарат, мұндай іс-шаралар жиірек өткізілгенін қалаймын», - деп атап өтті кәсіпкер.

Қазіргі конференцияның ерекшелігі - бизнестің нақты сұраныстарына бағдарлану. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлер алған ақпарат елімізде жаңа өндірістер құруға ынталандырады және жергілікті қамту үлесін арттырады деп үміттенеді.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер