«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

СҚО-да мамандарға қажеттілік 5 мыңнан астам адамды құрайды

2022 жылғы 21 Қараша
- Солтүстік Қазақстан облысы
10039 просмотров

Бұл және тағы басқа мәселелр жайында Солтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев өндірістік оқу шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары үшін ұйымдастырылған семинар-практикумда айтты.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік-педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыруға бағытталған кезекті семинар-практикум өтті. Іс-шараға «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша өңір колледждерінің пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, директорлардың орынбасарлары және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

«Бүгін біз бизнес субъектілерімен маман дайындау мәселелерін талқылағаннан кейін практикалық семинарлар циклін жалғастырып жатырмыз. Жыл сайын «Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпорындарға кадрларға қажеттілік бойынша сауалнама жүргізеді. Осы жылы біз 1700 жұмыс берушіден сұхбат алдық, әртүрлі қызмет салаларындағы 5516 маманға қажеттілік анықталды, оның ішінде 2022 жылға – 2481 адам. Кәсіп салалары бойынша ауыл шаруашылығы саласында білімі бар қызметкерлер сұранысқа ие. Мысалы, «тракторшы» мамандығы сұранысқа ие 30 қызметкердің қатарында бірінші орында тұр», – деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеев.

Семинар аясында күннің бірінші жартысында инженерлік-педагогикалық қызметкерлер үшін AVAGRO ЖШС және «Петерфельд-Агро» ЖШС таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.
«Бірінші кәсіпорында біз ауыл шаруашылығы бүріккіштері мен олардың құрамдас бөліктерін өндіру үдерісімен таныстық.

«Петерфельд-Агрода» бізге фермерлік шаруашылықтың машина-трактор паркі, симментальды және қара-түрлі-түсті тұқымды ет және сүт бағытындағы ірі қара мал өсірілетін мал шаруашылығы кешені көрсетілді. Олар дәнді дақылдарды өсіру және жем-шөп базасын жинау туралы айтты. Мұндай семинар-практикумдар біз үшін өте пайдалы, өйткені біз өңіріміздің озық кәсіпорындарымен танысуға, кәсіпкерлерге қызығушылық тудыратын сұрақтарды тікелей қоюға мүмкіндігіміз бар», -–деп атап өтті Им. Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының оқытушысы Юрий Гильгенберг.

Колледждегі экскурсиядан кейін оқытушылар мен шеберлер үшін «Can» шинасы бар автомобильдің Жарық жабдықтарының және «Kia Rio» жеңіл автомобильдің басқару блоктарының ақауларын диагностикалау бойынша екі шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Әрі қарай семинар жұмысы басталды, онда оның қатысушылары бір-бірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі мен «Петерфельд-Агро» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжаттың негізгі мақсаты – өзара қажеттіліктер мен мүдделерді ескере отырып мамандар даярлау, студенттердің өндірістік практикасын ұйымдастыру және өткізу, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өткізу, сондай-ақ қазіргі заманғы талаптарға сәйкес оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту болады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер