«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нұрлан Сауранбаев «Атамекен» ҚР ҰКП Логистика және тасымалдау комитетіне басшы болып тағайындалды

2021 жылғы 21 Шілде
7184 просмотров

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Нұрлан Сауранбаев «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Логистика және тасымалдау комитетінің төрағасы болып сайланды.

«Көлік тасымалы мәселелері қашанда өзекті: утилизациялық алым, парктің жаңаруы, жолаушы тасымалдарын субсидиялау және муниципалды парктерді құру, нарықтық бәсекелестікті не бұзады, кеме қатынасы мәселелері. Бұл  «Атамекен» комитет мүшелерімен бірге үнемі талқылап, Үкіметке ұсынатын мәселелер. Комитет мүшелері Нұрлан Сауранбаевтың тәжірибесіне сүйенді деп сенемін. Сіз саланың проблемаларын жақсы білесіз, кәсіпкерлік білігіңіз, ұлттық компанияларда, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс тәжірибеңіз барын білемін. Сіз Комитет қызметіне қосылып, бизнес мәселелерін белсенді талқылап, шешетін боласыз деген сенімдемін», – деді комитеттің жаңа төрағасына «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

 «Атамекен» ҰКП – кәсіпкерлікті дамытудың тиімді алаңы. Мен комитеттің жоспарын қарап, жұмысымен таныстым. Комитет ұжымы белсенді, саланың ең өзекті және өткір мәселелерін көтеріп келеді. Осы жұмыс қарқынын сақтауға тырысамын, және комитет мүшелерінің қолдауына үміт артамын», - деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

 2021 жылы комитет көлік саласын дамыту үшін кедергілерді жою, оның ішінде жүк тасымалдаушылардың көптігі жағдайында теміржол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны қайта қарау, халықаралық тасымалдар үшін ершікті тартқыштар үшін утилизациялық алымын азайту, жолаушылар тасымалдарын субсидиялау, қазақстандық теңіз порттарына көлемдерді тарту, жүктерді контейнерлеу, әуежайлар мен авиакомпанияларды қолдау және өзге де мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.

 Осыған дейін комитетті Сауат Мыңбаев басқарды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер