«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

БҚО-да 200-ден астам бизнес субъектісі «Ashyq» жобасына қосылды

2021 жылғы 12 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
5615 просмотров

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері «Ashyq» жобасына белсенді қосылып жатыр, осылайша нысанға келушілердің денсаулығына қамқорлық жасалуда.

Еске салсақ, «Ashyq» пилоттық жобасы 14 сәуірде іске қосылды, 11 мамырдағы жағдай бойынша QR-код алуға өңірде ШОБ-тың 200-ден астам субъектісі өтінім берді.

Өтініштердің басым бөлігі (183) қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлерден, 17 өтініш – фитнес орталықтары, 13 өтініш – сауна иелерінен түскен. Көңіл көтеру және бос уақыт саласында компьютерлік клубтар, боулинг залдары, бильярд бөлмелерінің иелері өтініштер берді.

«Ashyq» қосымшасын қолданушылар арасында облыс орталығының тұрғындары саны басым, сонымен бірге өңірлік кәсіпкерлер жаңа қосымшаның мүмкіндіктеріне қызығушылық танытып, белсенді бола түсуде.

 «Белгіленген кезеңде сынақ режимінен бизнестің 111 нысаны өтті, осы аралықта «Ashyq» қосымшасы 9 адамнан «қызыл» статус анықталды (Covid-19-ке оң нәтиже), 1 адам науқас адаммен байланыста болғаны анықталды (сары статуспен белгіленеді), 2514 келуші ПТР-тестілеуден өтпеген, осы ретте олар байланыста болғандар есебінде жоқ (оларға көк статус берілген), 11 адам базада ПТР-тестілеу өткені белгіленген (жасыл статус)», – деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ӨКП директоры Нұржан Мақсотов.

«Ashyq» қосымшасынынң басты артықшылығы – қауіпсіздік. Қосымшаны пайдалану карантиндік шектеулер кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жалғастыру (қайта бастау) алгоритмдерін оңтайландырады, өйткені нысанға келген қонақтар мен қызметкерлердің індетті жұқтыру қаупі айтарлықтай азаяды.

 QR-кодты қалай алуға болады? Жобаға қатысуға ынта білдірген кәсіпкерлер InfoKazakhstan.kz платформасына кіру қажет, онда пайдаланушылар үшін қажетті әрекеттерді орындау туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық бар.

Сонымен қатар, БҚО ӨКП облыстың бизнес қауымдастықтарымен түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, Ashyq пилоттық жобасына қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлік субъектілерінің тізімдерін жинақтайды.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер