«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда «Бастау Бизнес» жобасымен оқу 26 сәуірден басталады

2021 жылғы 13 Сәуір
- Атырау облысы
8183 просмотров

Биыл кәсіпкерлік негіздеріне мың адамды оқыту жоспарланған

«Бастау Бизнес» жобасына Бағдарламаға жұмыссыз азаматтар (жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан), сондай-ақ ел Үкіметімен белгіленген азаматтардың жекелеген санаттары қатыса алады, соның ішінде:

  • ауылдық елді мекендер, қалалар, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;
  • егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмеген жағдайда мүгедектер;
  •  зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;
  • жастар, соның ішінде NEET санатындағы қыз-жігіттер;
  • табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;
  • қоныс аударушылар және қандастар;  
  • ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері.

 Оқу мерзімі – 21 күннен аспайды. Оқу қорытындысы бойынша сертификат беріледі, ол арқылы қатысушылар кәсіп бастауға мемлекеттік грант немесе жеңілдікпен несие ала алады.

  «Жобаға қатысу үшін үміткерлерге өтініш пен жеке куәліктің көшірмесін Жұмыспен қамту орталығына өткізу керек. Жұмыспен қамту орталығы үміткердің  жобаның нысаналы тобына сәйкестігін тексерген соң оқуға жолдама береді. 2021 жылдың 19 сәуірінен бастап үміткерлер электронды цифрлық қолтаңба арқылы https://atameken.co сайтында тіркеуден өте алады немесе ӨКП жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. Айта кетелік,  коронавирусты жұқтыру қаупін төмендету мақсатында оқу «Atameken Academy» онлайн-платформасы арқылы қашықтан жүргізіледі», – деді Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Қаржылай емес қолдау бөлімінің жетекшісі Жанаргүл Жоламанова.   

Атырау облысындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының мекенжайы мен байланыс нөмірлері:

Атырау қаласы Сәтпаев көшесі 78-үй, тел.763659.
Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, 215-көше, 114-ғимарат, тел. 87123779168;
Индер ауданы, Индер ауылы, Бейбарыс көшесі, 4Б-үй,   тел. 8 71234 21470;
Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Әбілхайыр көшесі, 32-үй, тел. 8 71231 21603;
Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Абай көшесі 6-үй,  тел. 87123320308;
Қызылту ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі  34б-үй, тел. 87123821921;
Мақат ауданы, Мақат ауылы, Сәтпаев көшесі 74-үй, тел. 87123930600;
Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Жайық шұғыласы газетінің 50 жылдығы көшесі, 29-үй, тел. 8 7123679018.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер