«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Атырауда «Бастау» жобасына қатысушылардың 70%-ы кәсіп бастауға қаржыландыру алды

2021 жылғы 25 Қаңтар
- Атырау облысы
7268 просмотров

Былтыр қаржыландыру алған жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібіне тиесілі болды

 Ауыл-аймақта «Бастау» жобасына қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Былтыр пандемия салдарынан кәсіпкерлік негіздеріне оқыту онлайн форматта өтті. Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығаан азаматтар «Atameken Academy» сайтында өтінім толтырып, өзіне ыңғайлы уақытта жобаға қатысуға мүмкіндік алды. Жоба қатысушыларына 12 модуль бойынша 50 танымдық бейне сабақ ұсынылды. Процесс барысында тыңдаушыларға сүйемелдеу көрсету және қажетті кеңес алуға бизнес-тренер бекітілді.

«2020 жылы «Бастау» жобасы бойынша 1000 адамды оқыту жоспарланған болатын. Олардың кем дегенде 300-і қолдау көрсетіліп, бизнес-жобаларын қаржыландыруға дейін жеткізуді жоспарладық. Сонымен бірге 1000 тыңдаушы ішінен 684 бағдарламаға қатысушылар жалпы сомасы 773,2 млн теңгеге қаражат алды, бұл жоспарланған көлемнен екі есе көп. Атап айтқанда, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 330,6 млн теңгеге 200 АЕК көлемінде 596 грант берілді», – деді Атырау облысы ӨКП Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Жанаргүл Жоламанова.

 Мамандардың айтуынша, «Бастау» жобасының өткен жылдардағы қатысушылары сауда және қызмет көрсету саласынан болса, соңғы жылдары – ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібіне ден қойылған. Атап айтқанда өткен жылы қаржыландыру алған жобалар үлесінің 33 пайызы – өңдеу өнеркәсібі (кондитерлік, тігін цехы, аспаздық), 30 пайызы – ауыл шаруашылығы, 20 пайызы – қызмет көрсету саласына тиесілі, қалған үлесті – сауда, білім беру, денсаулық сақтау, көлік және қаттау салалары қамтыды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер