«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Табиғи монополия кәсіпорындарына цифрландыруға деректер ұсынбағаны үшін айыппұл салынбайды

2021 жылғы 15 Қаңтар
6936 просмотров

«Атамекен» табиғи монополиялар субъектілерін деректерді беру және сол деректерді «Мемқалакадастр» РММ базасына өздері енгізуді міндеттейтін түзетуді алып тастауға қол жеткізді. Ережелерді орындамағаны үшін мемлекеттік органға айыппұл салынады

 2020 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына инженерлік желілердің цифрландыру процесін тездететін түзетулер келіп түсті. Құрылыс және жер қатынастары департаментінің сарапшысы Дана Жараспаеваның айтуынша, ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі инфрақұрылым деректері үшін бірыңғай мемлекеттік платформаны – ғимараттар, құрылыстар, көгалдандыру, инженерлік желілердегі бас жоспарлар мен ақпараттар туралы мәліметтермен автоматтандырылған жүйені толтыруды бастады.

 «Осы базаны толтыру және инженерлік желілерді цифрландыру мақсатында мемлекеттік орган табиғи монополиялар субъектілеріне тиісті ақпаратты ұсыну және орналастыру бойынша міндеттемелер жүктеу үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізуді ұсынды. Бұдан бөлек, деректерді толырмау үшін айыппұл салу ретінде жауапкершілікті белгіледі. Бұл жұмыс өкілетті органның жанындағы кәсіпорын «Мемқалакадастр» РММ-ға жүктелген», – деді Дана Жараспаева.

«Атамекен» бұл ұсынысқа қарсы пікір білдірді, өйткені табиғи монополиялар субъектілеріне талаптарды орындау үшін қызметкерлер штатын кеңейту қажет, бұл дегеніміз қосымша материалдық және уақыт жағынан шығын, осы шығындар тарифтердің шығын бөлігінде қарастырылмаған.

 «Бизнестің позияциясын зерделеген соң, біз министрлік және табиғи монополияларды реттеу комитетімен бірқатар кездесулер өткізуге бастама көтердік, онда өз алаңдаушылығымызды білдірдік. Бірнеше рет талқылаулардан кейін біз мемлекеттік орган тарапынан түсіністікке қол жеткізіп, «Атамекен» ұсынуымен монополистер тарапынан мәліметтерді орналастыру және олардың орындалмағаны үшін міндеттемені белгілеу міндеттерін жоққа шығаратын түзетулерді қорғауға қол жеткіздік», – деді Дана Жараспаева.

 Аталған түзетулердің шеңберінде табиғи монополиялардың субъектілері бұрынғыша бірыңғай базаға енгізу үшін жеке деректерін береді, бірақ деректерді уәкілетті орган өзі толтырады.

Мемлекеттік қалалық кадастрдың бірыңғай платформасын сәтті іске асыру –мемлекеттік органдар, халық және бизнеске инфрақұрылымның заманауи және сенімді мәліметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз етеді, өңірлердің аумақтық дамуын жоспарлау сапасын, жобалау мен құрылыс процестерінің ашықтығын жақсартуға, қуаттылықтарды брондау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, автоматтандыруды арттыруға және мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартуға көмектеседі, сонымен қатар инженерлік желілердің апаттар деңгейі туралы статистиканы жүргізуге жол ашады.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер