«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы кәсіпкерлерінен тексеруші органдарға қатысты шағымдар түсіп жатыр

2020 жылғы 12 Тамыз
2861 просмотров

Бірнеше шағым Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына, сондай-ақ БАҚ көздеріне түсті

 Бұл мәселені «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір көтерді.

 Мәселен, бейнекамераға жұмыс уақытынан тыс уақытта адамның қоғамдық тамақтану нысанында жүрген фактісі жазылған. Камерадағы жазба аталған нысанды су мен электр желісінен ажыратуға себеп болған. Енді кәсіпкер жұмысын жалғастыра алмайды.

 Басқа жағдайда бизнес нысанына полиция қызметкерлері келгені жайында айтылған (мониторингтік топтың жұмысынан тыс). Заң қызметкерлері нысанға кіріп, бәрін камераға түсіріп жүрі, рапорт жасап, оны әкімшілік материалдарды құру үшін санитарлық-эпидемиологиялық қызметке жіберген.

 Маска кимей кабинетте жалғыз отырған жұмыскер немесе клиенттер болмаған кезде масканы дұрыс кимегендерге айыппұл салынған. Осы ретте Алматы қаласы санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес маскаларды клиенттерге қызмет көрсету кезінде кию қажет (мысалға, банк, ХҚКО қызметкерлері).

 Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті тексеру алгоритмін бекітті, онда тексерулерді мониторингтік топ іске асыратыны айтылған.

 Алматы кәсіпкерлер палатасы Алмалы және Жетісу аудандары полиция қызметкерлері әрекетіне қатысты, сондай-ақ жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық қызметке шағым түсірді.

 «Жалқаулық немесе көрсеткіштерді қуу салдары бизнеске кері әсер етуде... бұл адамдар нені көздеп отырғанын білмеймін – не басшылық алдында бас салбырату, немесе елдің игілігіне жақсы әрекет етуді қаламау. Нәтижесінде кәсіпкер су мен жарықсыз отыр, оның қызметкерлері жұмыссыз, экономикаға нұқсан келді. Ал статистикада мұндай қызметкерлер көп екенін көріп жаға ұстайсың. Бұл жағдай нағыз сорақылық. Мұндай команданы кім берді?» – дейді Шыңғыс Темір.

Бас Прокуратура Құқықтық статистика жөніндегі комитетінің деректері бойынша шілде айы бойынша (локдаун басынан) Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабымен (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің талаптарын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке ел ауқымында 1919 жеке тұлға (718 адам Алматыдан), 211 жеке кәсіпкер (соның ішінде 25-сі – Алматыда) 22 заңды тұлға (5-і – Алматыдан) тартылған.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер