«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Құрылыс саласына мемлекеттік қолдау: келісім жасалады

10 Сәуір 2020
1271 просмотров

«Атамекен» алаңында Александр Беловичтің төрағалығымен онлайн-конференция форматында ҰКП Төралқасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, құрылыс саласындағы бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен төтенше жағдайда құрылыс секторының түйткілді мәселелері талқыланды.

 Жиынды ашып ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева республика аумағында коронавирустың таралуы, ұлттық валютаның девальвациясы және республикада карантиндік режимнің жариялануына байланысты құрылыс саласындағы өте қиын жағдай орын алғаны жайында айтты.

 «Қазіргі таңда құрылыс «зардап шеккен салалар» тізіміне түскен жоқ. Дегенмен бағалау бойынша құрылыс саласы ауыл шаруашылығынан кейін жұмыс істеп жатқандар саны бойынша экономикада екінші сала болып саналады. Дағдарыстар тарихы көрсеткендей, аталған сала алғашқылардың бірі болып рецессияға тап болады. ҰКП жүргізген сауалнама деректері бойынша Қазақстанда құрылыс саласында 642 мың адам жұмыс істеп жатыр. Бүгіннің өзінде құрылыс компаниялардың 60%-ы тұрақты емес қаржы жағдайы туралы айтуда. Сатылымдар түсіп кетті, бірқатар объектінің құрылысы тоқтап қалды. Сауалнама жүргізілген компаниялар бойынша болжамды шығындар 100 млрд теңгеден асып тұр. Жұмыскерлердің 10%-нан астамы еңбекақысыз демалысқа жіберілген (сала ауқамында шамамен 70 мың адам). Құрылыс қауымдастықтары мен ҰКП осы салаға нақты қолдау көрсету шараларын ұсынумен Үкімет және Мемлекет басшысына өтінім жасады. Бүгінде бізде негізгі ведомстволар – экономика, қаржы және инфрақұрылымдық даму министрліктермен талқылау жоспарланған. Әлеуметтік кернеуді болдыртпау мақсатында дағдарысқа қарсы оңтайлы шешімдер табылады деген үміттеміз», – деді Юлия Якупбаева.

 Талқылау барысында қрылыс саласының өкілдері төтенше жағдай енгізуімен пайда болған келесі түйткілді мәселелерді көтерді:    

 - жұмыс істеп тұрған нысандардағы құрылыс-монтаж жұмыстарын мәжбүрлеп консервациялау нәтижесінде компаниялар қандай шығындар көріп жатыр;

- төтенше жағдайда жұмыс орындарын сақтап қалу қаншалықты мүмкін?

- басталған жобаларды аяқтамау және құрылыс көлемдерін азайту қандай тәуекелдер әкеледі?

-саланы қолдау үшін қандай шараларды қабылдау қажет?

Құрылыс саласының мәселелерін атап өтіп, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық комитетінің төрағасы Александр Белович бизнес ұсынған дағдарысқа қарсы шараларды енгізудің орындылығы мен қажеттілігі туралы пікір білдірді.

  «Біз Үкіметтен құрылысшылар үшін мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларды қабылдауды сұрап отырмыз, атап айтқанда несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету және субсидиядау, бюджеттен тұрғын үй құрылыс объектілерні аяқтауға қаржы бөлу, соның ішінде тұрғын үйге үлестік қатысу туралы заңнама аясында жұмыс берушілерді 2020 жылдың аяғына дейін бюджетке барлық міндетті төлемдерден босату, жұмыскерлердің еңбекақысынан төлемдерден босату, 2019 жылға корпоративті табыс салығын төлеуден 2020 жылдың аяғына дейін шегерім беру, 2020 жылға корпоративті табыс салығы ставкасын 10%-ға дейін төмендету, еңбекақыны (50%-ға дейін) және құрылыс және мердігерлік ұйымдар жұмысшыларының республикалық бюджет есебінен іскерлік белсенділігі қалпына келгенге дейін мәжбүрлі демалысты субсидиялау, ірі кәсіпкерліктің субъектілері болып табылатын компанияларға салықтар, несиелер мен әлеуметтік төлемдерді кейінге қалдыру түрінде қолдау шараларын кеңейту», – деп атап өтті Александр Белович.

Тұтастай алғанда құрылыс бизнесінің өкілдері облыстарда халық пен автокөліктің  кіріп/шығуы, қатынауына байланысты проблемаларын айтты. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы қатынауды шектеу жеткізушілер мен кәсіпорындардың жұмыскерлері үшін құрылыс объектілерін салуда толықтай кедергі келтірді, бұл әлеуметтік және коммерциялық тұрғын үйлерді салу және пайдалануға беру мерзімдерінің созылып кету қаупін арттырады.

 Сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша төлемдер мен аванстарды тоқтата тұру мәселелері, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қаражаты есебінен іске асырылатын жобалардың нақты бағалары бойынша бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманы түзету қажеттілігі мәселелері айтылды.

 Руслан Дәленов Ұлттық экономика министрлігіне аталған саладағы жүйе құрушы кәсіпорындардың тізілімін, сондай-ақ қарастыру және қабылдау мақсатында қажетті несиелік және салықтық преференциялар бойынша есеп айырысу және іскерлік қауымдастықтың қарсы шараларды әзірлеп, таныстыруды ұсынды.

 Тақырыпты жалғастыра отырып, Қайырбек Өскенбаев мемлекеттік сатып алулар туралы жасалған келісімшарттар шеңберінде іске асырылып жатқан құрылыс объектілерді салу мерзімдерін қайта қарау туралы түсіндірулер берді.

«Келісімшарттар мерзімін ұзарту туралы шешімін Мемлекеттік комиссия қабылдады, ол туралы ақпарат барлық мемлекеттік органдарға жіберілді.  ТЭ салдарынан құрылыс көлемідерін дер кезінде орындамау бойынша санкциялар бұл келісімшарттар бойынша қолданылмайтын болады. Сәйкес хаттар қоса беріледі», – деді Қайырбек Өскенбаев.

 Александр Белович Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайларды енгізуге байланысты ұлттық валютаның девальвациясына байланысты бағаларды форматтауда қолданылатын базалық мөлшерлемелерді түзету қажеттілігін (АҚШ долларының курсы бірнеше күнде 17%-ға және еуро 13%-ға өсті, бұл, әрине, импортталатын материалдардың өзіндік құнына теріс әсер етеді, олардың құрылыс объектілердегі үлесі 25%-ға жетеді) және іске асыру сатысында нысандар құрылысының құнын түзету мүмкіндігін айтты.

 «Қазіргі таңда іске асырылып жатқан объектілер құрылысыынң құнын түзету мүмкіндігі бар, ол туралы шешімді құрылысты тапсырушы қабылдайды. Түзету қолданыстағы заңнаманға сәйкес жүргізіледі. Нормативті бағаларды жоғарылуына қатысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігігің Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылығы комитеті бағаларға мониторинг жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша 2020 жылға сметалық бағалар жинағы қайта шығарылатын болады», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігігің Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Алмаз Ыдырысов.

Жиынды қорытындылай келе ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева бизнес ұсынған шараларды жинақтап, оларды Ұлттық экономика министрілігне жіберуді ұсынды.

 Бүгін сағат 15:00-де ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев және құрылыс саласы бизнес қоғамдастығының қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асырудың түйткілді мәселелерін талқылау өтеді.


Серіктестер