«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Солтүстік Қазақстанда кәсіпорын дезинфекциялық құралдарды шығара бастады

2020 жылғы 08 Сәуір
- Солтүстік Қазақстан облысы
5201 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Радуга» ЖШС облыс орталығындағы ірі супермаркеттер мен кәсіпорындарды өзі өндірген дезинфекциялық тоннелдермен жабдықтайды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов айтты

Солтүстік Қазақстан облысындағы алғашқы дезинфекциялық тоннель «Радуга» ЖШС өндірістік нысаны алдында пайда болды. Кәсіпорын ТЖ режимінің алғашқы күнінен бастап антисептик құралдарының өндірісін жолға қойды. Жақында ЖШС арнайы тоннель жасауға өз өндірісін қолдана бастады.

 «Бұл тиімді деп санаймыз. Құралдың 5%-ы спирт, дистилденген су, 0,1% хлор мен хош иістен тұрады. Киімге ешқандай зияны жоқ. Бірақ дезинфекциялық құрал ретінде тиімділігі жоғары», – деді «Радуга» ЖШС бас директоры Дмитрий Шарапаев. 

 Тоннель ішіндегі зарарсыздандыру автоматты түрде жасалады – бүріккіштер қатты қысым астында арнайы құралды шашады. Осылайша барлық келушілер мен қызметкерлер дезинфекциялық құралдың ауа ағыны арқылы өтетін болады.

 Жуырда осындай дезинфекциялық құралдармен қаладағы қоғамдық орындар жабдықталады – әзірге бұл супермаркеттер мен ірі өндірістер.  Кәсіпорын 10 тоннель жасауға тапсырыс алды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңір тіршілігін қамтамасыз етіп отырған кәсіпорындарға қатаң талаптар қойылғанын айтты. Олардың бірі – қызметін жалғастыратын ұйымдардың басшылары өз қызметкерлерінің ұйымдасқан түрде жеткізілуін қамтамасыз етуі керек.

«Бұл не дегеніміз? Автобустармен үй-үйге жеткізу. Автобус жартылай ғана толуы керек. Бұл қашықтықты ұстану ережесі. Автобус ішін үнемі зарарсыздандырып отыру керек. Сонымен қатар кәсіпорындарды байланыссыз термометрлермен жабдықтаудамыз. Кіре берісте қатаң бақылау болады. Ірі супермаркеттерге де термометрлер қойылады. Келушілердің дене қызуы тексеріледі», – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

 Айта кетелік, жергілікті супермаркеттерде келушілр көп болғаныа қарамастан олардың жұмыс істеу уақыты ұзартылмайды. Екі супермаркет үйге жеткізу қызметін жолға қойып жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер