«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Медициналық қызметтер сапасын кім тексереді?

2019 жылғы 19 Тамыз
7378 просмотров

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының медициналық қызметтерді жеткізушілер бойынша талдамалық деректерді жинау бойынша бизнес-процестері мен механизмі «Атамекен» алаңында талқыланды

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, медициналық қызметтерді жеткізушілер және халық арасында қарым-қатынастың жаңа жүйесі құрылуы керек, онда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту арқылы халыққа медициналық көмек көрсетудің неғұрлым тиімді механизмін құруға назар аудару қажет. Медициналық қызмет көрсетудің мақсаты – азаматтың толық емделуі немесе созылмалы аурулармен ауыратын науқастардың қайталап емге жүгінбей, ұзақ ремиссиясы болуы керек. Осыған байланысты сапа мониторингін жүргізу маңызды болмақ», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Алена Романова.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу шеңберінде қор сапаны басқарудың жетілдірілген моделін енгізуді жоспарлауда, осы ретте қордың өзі науқастың кепілгері болады.

 «Шағым келіп түссе, онда біз медициналық қызметті автоматты түрде кінәламаймыз, науқас жайында ақпарат пен ем алу деректерін сұратып, егжей-тегжейлі зерттейміз. Біздің тараптан жеткізушінің барлық қызметі өтелетіндіктен біз сапалы мониторинг жүргізуіміз керек, – деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Медициналық көмектің сапасын мониторингі департаментінің директоры Ләззат Шоманова. – Емханалардан деректер келіп түскенде, біз күрделі тізбектерді құруға жүгінбейміз, мониторинг жүргізушіге ақпарат автоматты түрде келіп тұрады. Сондықтан автоматтандыру бізге қажет. Қазіргі таңда біз күрделі логикалық тізбектерді құрудамыз. Мәселен, егер науқас медициналық мекемеден қанағатсыз жағдайда шығарылған болса, және оны жедел жәрдеммен ауыр халде басқа медициналдық мекемеге әкелсе, бұл сапасыз көрсетілген көмекті білдіреді».

 Бүгінде қор өңірлік сараптамалық кеңестерді құрды, олар сапа мәселелеріне жауап береді. Жеткізушілермен жұмыс істеу үшін 2020 жылы сапаның үш деңгейлі моделін енгізу жоспарланып отыр. Бұл сарапшылардың үш категориясы, олар түрлі деңгейдегі мониторингті жүргізетін болады. Осылайша жоғары сарапшы категориясы сараптамалық кеңестер деңгейінде жұмыс істейді. Екінші саты жеткізушілерге баруен қоса мониторинг жүргізу, үшніші саты – қолжетімділік пен сапаның жүйелі мониторингі. Сонымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрақты сарапшылар санын ұлғайтып, тәуелсіз кәсіби мамандарды тартуды жоспарлап отыр.

«Бізде жоғары категориядағы тәуелсіз сарапшылардың тізілімі бар, олардың қызметі даулы ситуацияларға аудит жүргізуде қолданылады. Сонымен қатар ақаулар анықтамалығын енгізбекпіз, анықтамалық орын алған бұзушылықтардың егжей-тегжейлі түсіндірмесі болмақ Біз проактивті режимде жұмыс жүргізіп, тәуекелдер аймағын анықтап, тиісті түрдегі ұсынысты орындалмаған жағдайда айыппұлдар санкциясын қолданатын боламыз. Науқастарға арналған медициналық көмектің түрлері және прфильдері бойынша сауалнамалар әзірленген. Қазіргі таңда қор жеткізуші қызметтерін бағалауға арналған индикаторларды әзірлеуде», – деді Ләззат Шоманова.

 «2020 жылдан бастап науқастар және медициналық қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі өзекті бола түседі. Осыған байланысты сотқа дейінгі және соттан кейінгі тәртіптегі өтінімдерді қарау үшін тәуелсіз сарапшыларды тарту мәселесі өзекті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру, медиация, азаматтық әкімшіліктендіру және қылмыстық заңнама механизмдерін білетін сарапшыларды дайындауға кірісу керек», – деді «Zdrav Atameken» Денсаулық сақтау субъектілері қауымдастығының вице-президенті Айжан Садықова.

 Әзірге интеграциялық жүйелердің шашыраңқы орналасуы негізгі мәселе болып отыр деп атап өтті «Медикер» ЖШС медицианлық орталықтарын басқару жөніндегі департаменттің директоры Орынтай Қасымова.  

 «Бізде бақылау бар, алайда нақты деректерді алуы үшін қорға бірыңғай плотформа қажет. Біз науқас бір медициналық мекемеден екінші мекемеге ауысып жатқан интеграциялау мәселесін өзіміз де көріп отырмыз. Платформаларды бір алаңға тоғыстырмағанша сапалы мониторинг жүзеге аспайды», – деді Орынтай Қасымова.

 Өз кезегінде, «Акгюн» ЖШС ІТ департаментінің директоры Жұлдыз Дахымбаева жеткізушілермен келісімшарт жасаған кезде әзірлеушілер ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу туралы келісімшартқа қол қояды.

«Біз қорға ақпаратты бере алмаймыз, өйткені ақпараттың иелері – клиникалар. Содан кейін ақпаратты алған қор қызметкері, оны таратып тастамауына кім кепіл? Қолжетімділікті реттеу бойынша құқықтық акт жоқ», – деп атап өтті Жұлдыз Дахымбаева.

 Деректерді тексеру мәселесі де өзекті. «iDos техникалық қолдау орталығы» ЖШС Бас директоры Әнуар Жүсіповтың айтуынша, көп жағдай да ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің деректері  және медициналық мекемелердегі шынай көрініс түрлі болады. Сондықтан деректерді, сонымен қатар науқастар тарихын тексеру мәселелерін нақты қарастыру қажет.  

Бұдан бөлек, «Атамекен» ҚР Төралқа Төрағасының кеңесшісі Юлия Якупбаева сапаны жоғарылату үшін науқастарға медициналық қызмет көрсетуді бағалау жүйесін енгізуді ұсынды.

«Қор медициналық қызметтті көрсету бойынша шағымдарды жинайтын жалғыз алаң екенін хабралау керек. Науқастармен кері байланыс тұрықты негізде жүргізілуі керек. Сонымен қатар арнайы веб-ресурс арқылы ашық қолданыста онлайн режимде Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру шеңберінде дәрігерлер және клиникалардың рейтингін енгізу қажет», – деді Юлия Якупбаева.  

Науқастар шағымдарын бәсекелік ортаға, аутсорсинге беруді «Сұңқар» ЖШС директоры Қуаныш Керімқұлов ұсынды. Сарапшының пікірінше, бұл шара тәуелсіздік пен қауіпсіздіктің элементтерін сақтауға көмектеседі.  

Жиынды қорытындылай келе, Юлия Якупбаева  Медицианылқ ақпараттық жүйені жетілдіру бойынша ары қарайғы жұмыс үшін бизнес-қоғамдастық бүгінде қандай әлеумет бар және келешекте қайда ұмтылып жатқандары туралы нақты түсінік болуы керек екенін атап өтті.

 «Бірінші кезекте жоспарланған жұмыстан қол жеткізілген нәтижені ажыратып алу керек, яғни ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен электронды денсаулық сақтаудың қандай нүктесіне тоқтағанымызды түсініп алу керек. Нүктелі мәселелерді жедел шешу бойынша Жол картаны әзірлеу. Ал қордың жұмысына келетін болсақ, науқас, дәрігер және қор арасындағы қарым-қатынасты қалай реттеу керектігін түсініу қажет. Қор шағымдардан кейін ақпаратты талдаумен шектелмеуі тиіс. Ол үшін заңды тұрғыда норманы қалай жазу керектігін анықтап алған жөн. Деректерді жинау базада автоматты түрде жиналатын клиникалық хаттамалар негізінде жүзеге асырыла ма? Статистика жинақталуы үшін медициналық ақпараттық жүйелер жұмысын жолға қою керек. Сонда ғана қор ұйымдардың рейтингтерін жүргізе алады. Цифрландыру және жүйелендіруде ауқымды жұмыс тұр, осы сұрақтардың бәрін егжей-тегжейлі қарау қажет», – деді Юлия Якупбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер