«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда тағы 11 колледж бен 22 кәсіпорын дуальді білім беруге көшті

2019 жылғы 08 Қаңтар
- Алматы қаласы
5949 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында адами капиталды дамыту бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысы жасалды

«Дуальді білім беру жүйесінің жол картасын» жүзеге асыру бойынша жан-жақты шараларды қолданып отырмыз. Дуальды оқытуға қатысушылар саны артты. 2018-2019 оқу жылында дуальді оқыту үдерісіне 28  колледж (былтырғы жылмен салыстырғанда 11-ге немесе 65%-ға көбірек) және 101 кәсіпорын (былтырғы жылмен салыстырғанда 22-ге немесе 28%-ға көбірек) қатысып жатыр. Осыған байланысты 1191 үшжақты келісім жасалды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 470-ке немесе 65%-ға көп көрсеткіш. Бұған қоса 19 колледж және 49 кәсіпорында дуальді оқыту элементтерін енгізу жүзеге асуда.  Бір жыл ішінде 381 нормативті-құқықтық акті жобаларына сараптама жүргізілді, оның ішінде 22-сіне ұсыныстар мен ескертпелер жасалды», – деп хабарлады Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин.  

Дуальді оқытудың инфрақұрылымын дамыту мақсатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы мен Алматы әкімдігімен бірге 9 салалық қауымдастық жанынан кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және сертификаттау салалық оқу-әдістемелік кластерлері ашылып, жұмыс істеуде. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің бастамасы бойынша 2018 жылы Алматы электромеханикалық колледжі мен ресурстық орталық базасында Алматы қ. Телекоммуникация және машина жасау колледжі базасында «Қазпошта» АҚ-мен бірлесе отырып, көлік саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін ресурстық кластер құрылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру мақсатында салалық қауымдастықтар және кәсіпорындар жанынан 20  оқу орталығы құрылды, оның ішінде 8-і 2018 жылы ашылды. Мамандарды сертификаттау мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыруда ҚР ҰКП тізіліміне енген 16 сертификаттау орталығы құрылды, оның 3-і 2018 жылы ашылды. Өткен жылы аталған орталықтардың базасында 12 130 маман біліктілік бағасынан өтті, оның ішінде 10 664 колледж студенті және 1 446 адам оқу орталықтардың түлектері.

 «Жастар кәсіпкерлігін дамыту» жобасы шеңберінде өткен жылы 24 біліктілік бойынша «WorldSkills» қалалық чемпионаты, «Almaty Youth and Women 2018» бірінші іскер форумы, «Мен – кәсіпкермін» қалалық экономикалқ ойыны өтті. Халықаралық экономика бизнесі колледжінің базасында Жастар кәсіпкерлігін дамытудың үйлестіру орталығы құрылды, онда Британ Кеңесі қаржыландыруымен жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша 15 үйлестірушіге арнап колледждер мен жоғары оқу орталықтарында тренинг өтті.

 Алматы қаласының №159 жалпы білім беретін мектепте «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу жұмысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек Алматы қаласының 42 колледжінде бизнес-клубтар ашылып, «Кәсіпкерлік негіздері» атты факультативті курс жүргізілуде. «Жастарға жол» қоғамдық қорымен бірге «Almaty BI» жастар бизнес-инкубаторы жұмыс істеп жатыр, оның шеңберінде жастар кәсіпкерлігінің 5 нысаны ашылды. Мектеп оқышуларының кәсіптік бағдар жүйесін дамыту мақсатында «Болашақ мамандығыңды анықта» форумы өтті.

 Инновациялық технологияларды трансферттеу және Қазақстанның кәсіби білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіру  мақсатында Алматы қаласы ӨКП және Алматы қаласының Білім беру басқармасы 4 халықаралық жоба іске асуда, атап айтқанда «Жастар кәсіпкерлігін дамыту» (Британ Кеңесі жобасы), Кәсіптік дуальді білім беруге және механтроника логистикасы саласында оқуға өту» («GeKaVoK» жобасы, Германия), 3D технологиялар мамандарын дайындау («G CUBE CO., LTD» компаниясымен бірге жоба, Жапония), Орталық Азиядағы кәсіби білім беру (GIZ жобасы, Гермнаия).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер