«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Картоптан қалай көп өнім алуға болады?

2016 жылғы 09 Қыркүйек
- Жетісу облысы
17540 просмотров

Сарапшылар алматылық фермерлерге картоп өсіру саласындағы соңғы жаңалықтар туралы айтты

Алматы облысыРайымбек ауданын тұрғындар «картоп өлкесі» деп атайды. Себебі, бұл өңірде картоп өнімінің негізгі бөлігі өсіріледі, ал ауа райының қолайлылығы мұнда экологиялық таза өнім өсіруге мүмкіндік береді. Десе де, жаңа технологиялар мен терең білім қашан да аздық етпейді. Сол себепті, «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығы «Өркен» шаруа қожалығы базасында кезекті семинар ұйымдастырды. Картоп өсіру саласындағы білікті мамандар Болат Әміренов пен Виктор Абдуллаев тәжірибесі мол әрі жас картоп өсірушілерге нарықтағы қазіргі жағдай, саладағы соңғы жаңалықтар және мол өнім алудың сыры туралы айтып берді.

Осылайша, мамандардың сөзіне сенсек, көптеген сұрыптардың сыртқы ортаның күйзеліс факторларына бейімсіздігі, зиянды аурулардың кең тарауы, көп өнім беретін тұқымдарды егуге мүмкіндіктің жоқтығы, тозығы жеткен техника мен алдыңғы санатты агротехнологияларды өндіріске аз көлемде енгізу – картоп өнімділігінің азаюының басты себептері. Райымбек ауданының кәсіпкерлері де бұл жағдайлармен толығымен келіседі. Қаржылық тапшылық салдарынан кәсіпкерлер көп жағдайда жаңа технологияларды енгізе алмай отыр.

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық ғалымдар бүгінде картоптың 100-ге жуық сұрпын ойлап тапқан, олардың ішінде пайдалануға 48 сұрып берілген. 20-дан астам жаңа сұрып мемлекеттік сұрыптау зерттеулерінен өтуде. Дәл осы себепті, мол өнім алудың бірден-бір сыры – үнемі каптоп сұрыптарын өзгерту болып саналады.

«Картопты егу  кезіндегі шығындардың 40%-ы картопты егу материалдарына кетеді. Сәйкесінше, өнімнен түсер табыс та осыған сай болуы тиіс. Сондықтан картоп тұқымдарына баса назар аударған жөн. Жоғары сапалы тұқым мен картоптың жаңа сұрпы қолданыстағы агротехнологияларға тікелей байланысты. Осы орайда, картоп алқаптарына заманауи технологияларды барынша енгізе берген жөн»,– деді ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Болат Әміренов.

Сол себепті, ғалымдар өз дәрістерінде биотехнология әдістеріне тоқталды. Картоп сұрыптарын қалпына келтіру биотехнологиясы тұқым егу процесінің негізгі бөлігі болып табылады. Бұл саладағы зерттеу жұмыстарымен Қазақ картоп және көкөніс өсіру ғылыми-зерттеу институты айналысады.

Алайда, картоптың өсу мерзімі көп жағдайда сұрып ерекшеліктеріне байланысты болмайды. Ол көбінесе егу және түйнек тастау кезіндегі қоршаған орта температурасына тікелей байланысты болады. Сонымен қатар, картоптың одан арғы өнімділігіне оны сақтау жағдайлары да әсер етеді. Осыған орай, дәріс оқушылар қойманы көктемнен бастап әзірлеуге кеңес берді.

«Ауа тазартқыш арнасы, ағындық және сорып алу шахталарына да баса мән берген жөн. Шіріген түйнектер, жер мен одан да өзге қалдықтарды шұңқырға салып, хлор әгінің 4%-дық ерітіндісімен немесе басқа препараттармен өңдеп, үстін топырақпен жауып тастайды. Өйткені, олардың жаңадан жиналған түйнектерге жұғып кету қаупі мол болады. Қойманы тазалап, тиісті жөндеу жұмыстары жүргізілген соң, ыдыс пен құрылғыны тотияйынның 5%-дық немесе формальдегидтің 2%-дық ерітіндісімен тазалайды. Ерітінді мөлшері 100 м2 топырақ бетіне 30 л болуы тиіс. Өңделгеннен кейін, қойма жабық болуы тиіс, кейін жақсылап ауамен тазартылуы қажет. Картоптың жаңа өнімін отырғызуға екі апта қалғанда, қойманы бір шелек суға 2 кг әк және  100 г тотияйын қосып, жаңа бұқтырылған әкпен ақтау керек», – деп кеңес етті ғалым.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер