«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Порттар – Еуропа мен Азияны жалғау жолы

2016 жылғы 29 Маусым
18231 просмотров

Қазақстандағы құрғақ порттар жайы өзекті мәселе ретінде күнтәртібінде тұр

Қазақстан өткен жылдың желтоқсанында Үкіметтің қаулысына сәйкес, құрғақ порттар жайлы үкіметаралық келісімге қосылды, бұл Азиядағы халықаралық  көлік-логистика жүйесін дамытуға және ынталандыруға, оның көрші өңірлермен байланысын қамтамасыз етуге жол ашады.

Сонымен қатар халықаралық тасымалдардың талаптарына сай келетін халықаралық құрғақ порттар дамиды, Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік-логистикалық  қақпа ретінде ел беделін қалыптастырады.  

Барлық қатысушы елдердің Келісімді жүзеге асыруы Қазақстанның аумағы арқылы халықаралық жүк тасымалдау  көлемін ұлғайтуға, соның нәтижесінде жалғасып келе жатқан жаһандану үдерісі шеңберінде халықаралық сауданы да кеңейтуге  жағымды әсер етеді.

Қазақстан Республикасынан халықаралық мәндегі құрғақ порттары қатарына Ақтөбе көлік-логистика орталығы (Ақтөбе  қаласы) және «Даму»  индустриалды-логистика орталығы (Алматы қаласы), жоспарланғандар ішінде – Хай Тек Лоджистикс, «Қорғас» шекара маңындағы ынтымақтастықтың халықаралық орталығы  және  Тау терминалы (Алматы облысы) кіреді.

Бұл тізбе 2010 жылы жасалған болатын, оған олар сол сәтте ел аумағында жұмыс істеп жатқан және жобалық объектілер енген еді.

Қазақстан Республикасының  Инвестициялар және даму министрлігі көлік-логистикалық инфрақұрылымның ағымдағы дамуын есепке ала отырып, Қазақстанның құрғақ порттары тізбесін күн тәртібіне шығаруды жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасы аумағындағы көлік-логистикалық орталықтарды, Министрлік, олардың құрғақ порттар екендігін айқындау үшін мынадай байланыстар бойынша хабарласуды өтінеді:  

8 (7172) 75-44-19 немесе мына электрондық поштаға хат жолдаңыз: b.azmaganbetova@mid.gov.kzb.azmaganbetova@mail.ru.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер