«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Басты мәселелер талқыға салынды

2016 жылғы 20 Сәуір
- Жетісу облысы
8166 просмотров

Алматы облысының фермерлері мемлекеттік қаражатты бөлу процедурасына, су пайдалану құнының қымбаттауына және мемлекеттің көктемгі егу жұмыстарына кезектен тыс даярлыққа қатысты наразылықтарын жеткізді

Өңірдегі шаруа қожалықтарының осы және өзге де проблемалары Қазақстан фермерлер одағының басшысы Әуезхан Дарыновтың қатысуымен өткен селекторлық отырыста айтылды.

«Алматы облысы көшпелі отырыс өткен Ақмола және Қостанай облыстарынан кейінгі үшінші өңір. Мұндағы басты мақсат – сіздердің проблемаларыңыз бен ұсыныстарыңызға құлақ салу. Біз шеше алмайтын мәселелер салалық министрліктерге, мемлекеттік органдар мен Парламентке жолданатын болады. Сіздер оларға міндетті түрде жауап аласыздар», – деді фермерлер басшысы Ә.Дарынов.

Бұдан ары фермерлерді алаңдатып отырған мәселелерге кезек берілді. Алакөл ауданынан келген кәсіпкер Болат Сиырбаев былтыр мемлекеттік бағдарламаға қатыса алмағанын айтты. «ҚазАгро» корпорациясы ауыл шаруашылығын дамыту үшін 60 млрд. теңге бөлетін. Ал құжаттарды қабылдау басталғанда, бізге қаражат таусылғаны айтылды», – деп ренішін жеткізді фермер.

Панфилов ауданының кәсіпкерлері Ақтау қаласынан минералды тыңайтқыштарды жеткізу проблемасымен бөлісті. Олар өнімді делдардан бірнеше есе қымбатқа сатып алып отыр.

Сондай-ақ, бірқатар аудандарда көктемгі егу жұмыстары алдында су пайдалану мен сумен қамсыздандыру құны 5-10 есеге дейін көтерілген. Алайда, ӨКП-ның араласуымен су каналы бағаны арттыру туралы шешімді алып тастады. Сонымен бірге, кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы министрі қабылдаған «Тұқым шаруашылығын субсидиялау ережелері туралы» құжаттың жоқтығына өз наразылықтарын білдірді. Әуезхан Дарынов бұл құжатты бірнеше министрлік қарап жатқанын айтты, сондықтан қазіргі күні құжатты жасау өкілеттілігін бір ғана ведомствоға беру туралы мәселе талқылану үстінде.

Фермерлердің айтуынша, дала жұмыстары үшін кезектен тыс мемлекеттік қаражат бөлу де қосымша проблемалар туындатуы мүмкін. Сондықтан қаржыландыру процедураларын реттеп отыратын, фермерлерге арналған «Агробанк» біртұтас банкін құру ұсынылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер