«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Досым ашқан бизнесті мен неге аша алмаймын?

2016 жылғы 04 Ақпан
10221 просмотров

ҰКП-ның өңірлердегі кәсіпкерлік климатты зерттеу қорытындысы

8-сурет. Респонденттерді біліктілігі мен білім деңгейін бойынша жіктеу, %

Дереккөз: Тұрғындарға жүргізілген әлеуметтік сауалнама негізінде дайындалды

Көшбасшы өңірлердегі экономикалық белсенді тұрғындардың үштен екісі бизнес жүргізудің қыр-сырын өз көздерімен көрген. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 60%-ның соңғы екі жыл ішінде жеке кәсібін ашқан жақын таныстары бар. Бұл жерде жеке кәсіп бастауда әлеуметтік байланыстардың үлкен маңызы бар екенін айта кету керек. Достары мен жақындарының сәтті тәжірибесі болашақ кәсіпкерлерді өз жеке кәсібін бастауға қызығушылығын тудырады.

Көшбасшы өңірлердегі болашақ кәсіпкерлер өздерінің қабілетін жоғары бағалағанына, сонымен қатар жеке кәсіп бастаудың қыр-сырын анық түсінгеніне қарамастан тәуекелге аз барады. ОҚО, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының сауалнамаға қатысқан респонденттерінің үштен бірі ғана жеке кәсіп бастау үшін тәуекелге бел буа алады екен. Қалған 65%-ы алғашқы кәсіп бастаған кездегі сәтсіздіктердің кесірінен жеке кәсіп ашуға қорқады.

Сәтсіздік қорқынышының ең жоғарғы деңгейі Оңтүстік Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының (сәйкесінше 83,5% және 78,9%) тұрғындары арасында тіркелген.

Көшбасшы өңірлерде кәсіпкердің мәртебесі жоғары бағаланады, бұл еңбекке қабілетті тұрғындар арасында кәіспкерлік белсенділіктің жоғарылауына септігін тигізетін оңтайлы фактор. Көшбасшы өңірлердегі жұрт кәсіпкерлікке қажетті лауазым таңдау (73%), бизнестің табысты қожайындары жоғары әлеуметтік мәртебе мен құрметке ие (83%), табысты бизнестің тарихы БАҚ-тарда мол жарияланады (88%) деп қарайды. Осы жерде кәсіпкердің жағымды образын жасауда және тұрғындардың жеке кәсіппен айналысуға деген қызығушылығын арттыруда БАҚ негізгі ақпарат көзі ретінде шешуші рөл ойнайды.

Көшбасшы өңірлердегі болашақ кәсіпкерлердің бизнес бастау жөніндегі алғышарттарды жоғары бағаламауы назар аудартады. Сауалнамаға жауап берген респонденттердің үштен екісі ғана Қазақстанда жеке кәсіп бастау үшін қолайлы жағдай жасалған деп санайды. (9-сурет).

9-сурет. Елдегі бизнес ашудың қолайлылығын бағалау, %

Дереккөз: Тұрғындарға жүргізілген әлеуметтік сауалнама негізінде дайындалды

Сауалнамаға жауап берген болашақ кәсіпкерлердің жартысы жеке кәсіп бастау үшін нақты шаралар қабылдайды. Бұл бағыт бойынша ең белсенді жұмыс істеп жатқан Ақтөбе облысының болашақ кәсіпкерлері, ол жақта бір жыл ішінде барлық болашақ кәсіпкерлердің төрттен үші өз кәсіптерін іске қосу үшін жұмыстар жүргізген. (10-сурет).

Ағымдағы жылы өздерінің кәсіпкерлік бастамаларын белсенді жүзеге асырып жатқан респонденттердің үлесі, %

Дереккөз: Тұрғындарға жүргізілген әлеуметтік сауалнама негізінде дайындалды

Жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, көшбасшы өңірлердің болашақ кәсіпкерлері әлдеқашан шығып қойған тауарлар мен қызметтер өндірісіне тартылмақ. Болашақ кәсіпкерлердің шамамен 60%-ы өздерінің өнімдері мен қызметтерінің ұқсас аналогы нарықта бар деп есептейді және респонденттердің 10%-ы ғана өз бизнестерінің ерекшелігіне сенімді. Олардың жартысынан астамы нарықта  5 жылдан астам уақыт бойы іске асырылып келе жатқан технологияларды пайдаланады.

Көшбасшы өңірлердің болашақ кәсіпкерлері өз өңірлері мен шекаралас өңірлерді өнімдер мен/немесе қызметтерді сатып өткізудің нарығы деп қарайды. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 80%-дан астамы өз тауарлары мен/немесе қызметтерін шекара сыртында емес, ел ішінде сатып өткізуді көздейді. Бұл көшбасшы өңірлердегі болашақ кәсіпкерлердің халықаралық нарыққа бағдарланбағанын айғақтайды, бұған болашақ бизнестің бәсекеге қабілеттілігін төмен бағалаған жанама айғақ ретінде қарауға да болады.

Әлеуетті кәсіпкерлердің әлеуметтік мәртебесін талдау жекеменшік компаниялардың қызметкерлері мен толық жұмысбасты және тұрақты жұмысы бар тұлғалар кәсіпкерлікке үлкен қызығушылықпен қарайды (сәйкесінше 58% және 71%). Кәсіпкерлік ниеті төмен деңгейдегі топта өз бетінше жұмыс істейтін тұрғындар мен тұлғалар, жекеменшік секторда жұмыс істейтіндер көш бастап тұр (сәйкесінше 53,3% және 66,7%). Барлық үш топтың ішінде жеке секторда жұмыс істейтін тұлғалар кәсіпкерлікке үлкен қызығушылық танытады, бұл не бизнес жүргізудің қыр-сырымен тікелей таныс болған кезде, не бизнес жүргізу тәжиребиесі болғанда өз кәсібін бастасам деген ықыластың өсе түсетінін көрсетеді.

Көшбасшы өңірлер тобындағы жұмыспен қамту құрылымында тұрақты еңбекақысы мен жұмыс орны бар тұлғалардың үлесі жоғары болғанына қарамастан, «мұқтаждық» жеке кәсіп бастауда қозғаушы фактор болып табылады. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 24%-ы ғана жаңа мүмкіндіктердің ашылуына байланысты, сондай-ақ өздерін дамыту және кәсіпкерлік қызметпен айналысудан мәртебе алу үшін кәсіп ашқысы келеді. Қалған 76%-ы қазіргі жұмыс орнында жақсы жағдайдың болмауынан, не жұмысының мүлде жоқтығынан кәсіп бастағысы келеді. Көшбасшы өңірдегі әрбір үшінші  әлеуетті кәсіпкер табыс табудың басқа мүмкіндігі болмағандықтан кәсіпкерлікті таңдайды. Көшбасшы өңірлерде кәсіпкерлік көптеген әлеуетті кәсіпкерлер үшін жеке бизнес ашу саналы таңдау емес, табыс табудың басқа мүмкіндіктері жоқтығынан туған салдар болып табылады.

Зерттеуді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тапсырысы  бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП жүргізді


Еншілес ұйымдар

Серіктестер