astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Слово
Перевод
Описание
дивиденд
дивиденд

(лат. dividendus — бөлініс) Акционерлік қоғам, шаруашылық субъектісі табысының бір бөлігі. Акциялар бойынша төлем акционерлік қоғамның жыл сайынғы табысының мөлшеріне байланысты болады. Иеліктегі акциялар мен үлестердің көлемі мен түрлеріне қарай акционер­ лер мен басқа да қатысушылар арасында бөлінеді. Дивиденд жы­ лына бір рет төленуі де, тіпті төленбеуі де мүмкін, өйткені диви­ денд капиталдануды азайтады, жинақ қорын толықтыруды қажет етеді.

алдын ала берілетін дивиденд — предварительный дивиденд ақшалай дивиденд — денежный дивиденд аралық дивиденд — промежуточный дивиденд дивиденд алуға берілетін куәлік — свидетельство на получение дивиденда дивиденд мөлшерлемесі — ставка дивиденда дивиденд төлеу кестесі — график по выплате дивидендов дивидендтерді төлеу бойынша берешек — задолженность по выплате дивидендов дивидендтік қамтамасыз ету — дивидендное обеспечение дивидендтің орнын толтыру — покрытие дивиденда дивидендтің төленгені туралы декларация — декларация о выплате дивиденда

дисконт
дисконт

(ағыл. discount — жеңілдік) Қор биржасындадәл қазіргі кезеңде құнды қағаздың ағымда­ ғы биржалық курспен сатылатын бағасы мен құнды қағазды өтеу бойынша бағасының немесе құнды қағаз номиналының арасын­ дағы айырмашылық. Тауардың жеткізілімінің әртүрлі мерзімі болған жағдайда пайда болатын тауар бағасының айырмашы­ лықтары. Мәселен, 5 айда жеткізілетін тауардан 7 айда жеткізі­ летін тауардың бағасы арзанырақ болады.

дисконттау кестесі — таблица дисконтирования дисконттық карта — дисконтная карта дмсконттық борыш міндеттемесі — дисконтное долговое обязательство дисконттық есеп саясаты — дисконтная учётная политика дисконттық құн — дисконтированная стоимость дисконттық шығасы — дисконтированные издержки

дистрибьютор
дистрибьютор

(ағыл. distributor) Нақты бір ассортименттегі, көбіне­көп отандық және шетел­ дік өндірісте шығарылған тауарлар топтамасын аймақтық нарық үшін көтерме сатып алумен және сатумен айналысатын заңды тұлға немесе жеке тұлға. Дистрибьютор тауарларды сатушыдан өз қаражатына сатып алады. Ағылшын тілінде distributor түрінде таңбаланатындықтан, дистрибутор сөзі де қолданылады.

дистрибьютордың міндеттері — обязанности дистрибьютора дистрибьюторға арналған келісімшарт — договор для дистрибьютора

договор дарения / дарственная
сыйға тарту келісімшарты / сыйқұжат

Белгілі бір тұлғаның өз жеке меншігіндегі мүлікті иелену құ­ қықтарын екінші бір тұлғаға тегін беру туралы жазбаша түрде ре­ сімделетін, мемлекеттік тіркеуден өтуі міндетті болып табылатын келісімшарт нысаны

сыйға тарту келісімшартын / сыйқұжатты ресімдеу — оформление договора дарения сыйға тарту келісімшартын / сыйқұжатты тіркеу — регистрация договора дарения сыйға тарту шарты — договор дарения

документ
құжат

лат. documentum — куәлік, дәлел) Жазбаша түрде ресімделген ресми ақпаратты дәлелдейтін, белгілі бір заң күші бар нысан

құжат айналымы — документооборот құжат алу — получить документ құжат қабылдау — принять документ құжат нысаны — форма документа құжат реквизиті — реквизит документа құжат тапсыру — сдать документ құжат шифры — шифр документа құжатсыз жүк — груз без документа құжаттама — документация құжаттар тізімдемесі — картотека документов құжаттарды біріздендіру — унификация документов құжаттарды қабылдау — приём документов құжаттарды өткiзу — сдать документы құжаттарды сақтау — хранение документов құжаттарды тiркеу — регистрация документов құжаттау — документирование құжатты тіркеу — регистрация документа құжаттық ақпарат — документальная информация құжаттың кiрiс нөмiрi — входящий номер документа құжаттың өзгеруі — изменение документов құжаттың шығыс нөмiрi — исходящий номер документа ресми құжат — официальный документ

долг
борыш

Бұл сөз қазақ ұғымында кең мағынада қолданылады. Қазақ тілінің нормативті сөздіктерінде «қарыз, берешек, бересі» түрінде түсіндіріледі. Қазақ жазба нұсқаларында тура немесе ауыспалы мағынада борыш және қарыз сөздері кейде тепе­тең мағынада (борышқа бату / қарызға бату), көп ретте әр басқа мағынада (мы­ салы, қарыз алу; бірақ борыш алу емес; отан алдындағы борыш; бірақ отан алдындағы қарыз емес) жұмсалады. Экономика ғылы­ мындағы еңбектерде осы екі сөздің термин ретіндегі мағына­ ларының сұрыпталуы әлі де болса қалыптану үстінде. Кейбір зерттеулерде борыш және қарыз сөздері «долг» мағынасында берілсе, олардыдаралап,«борыш—долг»,«қарыз—заём» түрінде ұсыну да бар. Бұларды көрсетіп отырған себебіміз — ауыл кә­ сіпкерлерінің қандай да бір құжат толтыру кезінде терминдердің мағынасын түсінуі маңызды. Әлі де бірізділену сатысындағы тер­ миндердің мағыналық айырмашылығын төмендегі тіркестерден көруге болады

аға борыш / басым құқықты борыш — старший долг ағымдағы борыш — текущий долг ақшалай қарыз — денежный долг артықшылықты борыш — преимущественный долг бағынышты борыш — подчинённый долг бірінші кезектегі борыш — первоочередной долг даулы борыш — спорный долг дәрежеленген борыш; реттелген борыш — субординированный долг ипотекалық борыш — ипотечный долг корпоративтік сектордың борышы — долг корпоративного сектора күмәнді борыш — сомнительный долг қамтамасыз етілген борыш — обеспеченный долг қорланған борыш — накопленный долг мемлекеттік борыш — государственный долг мерзімсіз борыш — бессрочный долг мерзімі кешіктірілген / мерзімі өтіп кеткен борыш — просроченный долг оқшауландырылған борыш — замороженный долг өздігінен өтелетін борыш — самопогашающийся долг өтелмеген борыш — непогашенный долг пұрсаттылықты борыш — преференциальный долг сыртқы борыш — внешний долг тұрақталған борыш — фундированный долг ұзақ мерзімді борыш — долгосрочный долг ұлттық борыш — национальный долг халықаралық борыш — международный долг халықтың жан басына шаққандағы борыш — долг в расчёте на душу населения шоғырландырылған борыш — консолидированный долг шоғырландырылмаған борыш — неконсолидированный долг ішкі борыш — внутренний долг

долгосрочный
ұзақмерзімді

Жұмыстың атқарылуы үшін жоспарланған, көзделген айтарлықтай көлемді мерзім

ұзақмерзімді бағдарлама — долгосрочная программа ұзақмерзімді банк кредиті — банковский долгосрочный кредит ұзақмерзімді басымдықтар — долгосрочные приоритеты ұзақмерзімді болжамдар — долгосрочные прогнозы ұзақмерзімді борыш — долгосрочный долг ұзақмерзімді вексель — долгосрочный вексель ұзақмерзімді келісімшарт — долгосрочный договор ұзақмерзімді кредит — долгосрочный кредит ұзақмерзімді кредиттеу — долгосрочное кредитование ұзақмерзімді қаржыландыру — долгосрочное финансирование ұзақмерзімді қарыз — долгосрочный заём ұзақмерзімді несие — долгосрочная ссуда ұзақмерзімді сақтандыру — долгосрочное страхование ұзақмерзімді салым банкі — банк долгосрочных вложений

доля
үлес

Кейін өз мүддесін қанағаттандыру мақсатында ақшалай қара­ жаттың, мүліктің немесе басқа да материалдық құндылықтардың белгілі бір сомасын жарғы капиталына қосу.

үлескер — дольщик үлеспайда — дивиденд үлеспұлдық инвестициялық қор — паевой инвестиционный фонд үлестерді бөлу — распределять доли үлестік аударымдар — долевые отчисления үлестік жарна — паевой взнос үлестік қатысу — долевое участие үлестік меншік — долевая собственность үлестік міндеттеме — долевое обязательство үлестік пайда — удельная прибыль үлестеме — квота үлеспұл — пай

доставка
жеткізу / жеткізіп беру

Тауарды, өнімді сатып алушы белгілеген орынға, мекенге апару.

жеткізу мерзімі — срок доставки жеткізу мерзімінің ауытқуы — отклонение срока доставки жеткізуші, тасымалдаушы — доставщик / поставщик

достижение / успех
жетістік

Атқарылған еңбектің қол жеткен жағымды нәтижесі

айқын жетiстiк — очевидный успех алғашқы жетiстiк — первый успех ғылыми жетiстiк — научное достижение даусыз жетiстiк — бесспорный успех жақсы жетiстiк — хороший успех жаңа жетiстiк — новый успех жетiстiкке қол жету / қол жеткiзу — достичь успеха жетiстiктi бағалау — оценить успех / достижение жоғары жетiстiк — высокий успех көрнектi жетiстiк — выдающееся достижение қол жеткен жетiстiк — достигнутый успех лайықты жетiстiк — заслуженный успех маңызды жетiстiк — важное / значительное достижение соңғы жетiстiктердiң бiрi — одно из последних достижений үлкен жетiстiк — большое достижение ірi жетiстiк — крупное достижение

Дочерние организации

Партнеры