«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шарбақтыдағы кәсіпкер ауылдастарға мешіт салды

2017 жылғы 07 Қараша
- Павлодар облысы
8945 просмотров

Галкино ауылының тұрғындары жергілікті кәсіпкерден ерекше сый алды

Мәдениет Көлтаев шаруа қожалығын басқарады. Ауылдастар үшін өз қаражатына жайлы да ыңғайлы мешіт салып берді.

«Мешіт біздің ауылдың тұрғындары үшін қасетті орын саналады. Әсіресе ақсақалдар ерекше қуанды. Енді мұсылмандар мешітке келіп, дұға жасап, жақындары мен туыстарына құран бағыштай алады. Жаңа мешіт ауыл жастарына рухани тәрбие беруге қызмет атқарады. Бізде игі істерге жомарттық танытатын адал жандар көп болғай», – дейді мешіт имамы Мухатал Хуандага.

Кәсіпкер Мәдениет Көлтаев ауылдық округте ұйымдастырылатын мәдени, спорттық іс-шараларға демеушілік танытып, «Мектепке жол» акциясына да белсенді қатысады.

Мұнымен қоса кәсіпкер қарияларды да естен шығармайды. Жыл сайын Қарттар күніне орай «Көлтаев» шаруа қожалығының басшысы мерекелік дастарқан жайып, сый-сияпат үлестіреді.

«Ақсақалдармен бір дастархан басында отырып әңгімелесе аламыз. Осылайша үлкенге құрмет көрсетіп, даналықты үйренеміз. Барлығымыз да қарттарға жақсылық жасауымыз керек деп есептеймін. Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру – олар үшін жасай алатын жақсылықтың бөлшегі ғана», - дейді кәсіпкер.

Мәдениет Көлтаев шаруа қожалығын 1998 жылы құрған. Негізгі бағыты – мал шаруашылығы. Бүгінде ауылдың 14 тұрғыны тұрақты жұмыс істеп келеді.

«Туған жерге көмек көрсету – әр адамның парызы. Сондықтан «Атамекенім» акциясын қолдаймын. Кәсіпкерлердің әрқайсы атаққа, танымалдылыққа ие болу үшін қайырымдылық жасамайды. Ауылдастарыма көмектесетін мүмкіндігім болып жатса, одан аянып қалмаймын. Менің сөзім біреу үшін бос сөз болуы мүмкін, дегенмен біздің басты мақсатымыз – халыққа, туған жерге қызмет ету», – деп ой бөлісті Мәдениет Көлтаев.

Бұл туралы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында да айтылған. «Атамекенім» акциясы – осы мақаланы жүзеге асырудың тетігі, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне қолдау көрсетуге бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер