«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын индустриалды аймақ

Заң тұжырымдамасына сәйкес, «Шағын индустриалды аймақ» - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне салынған өндірістік және өзге де ғимараттарды, сонымен қоса модульдік нысандарды ҚР заңнамасы бойынша ұсыну қарастырылған аумақ.

Анықтама үшін:

ҚР Инвестициялар министрлігі «Арнайы экономикалық аймақтар мен индустриалды аймақтар туралы» Заң тұжырымдамасын әзірлеу үстінде. Жобада мыналар қарастырылған:

- индустриалды аймақтар мен шағын индустриалды аймақтар қызметін заң бойынша реттеу;

- индустриалды аймақтар мен шағын индустриалды аймақтар бойынша мемлекеттік саясатқа, құру, жұмыс істеу мен қысқарту мәселелері бойынша қаржыландыруға жауап беретін бірыңғай мемлекеттік орган анықтау;

- жер мәселелерін реттеу;

- индустриалды аймақты басқару бойынша басқарушы компанияның өкілеттілігі, индустриалды аймақтар мен шағын индустриалды аймақтардағы жер учаскелерін бөлу, рәсімдеу мен құжаттарды беру, инфрақұралым мен желілерді басқару анықтау;

- тоқтап тұрған өндірістік нысандарды сатып алу механизмін анықтау;

- индустриалды аймақ тиімділігін бағалау көрсеткіштерін анықтау;

ҰКП өкілдері заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына кірген.

Алматы облысы әкімінің 2017 жылдың 14 тамызындағы «Алматы облысында 2017-2019 жылдары кәсіпкерлікті жүргізу шарттарын және жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамытуды жақсартуға арналған Жоспарды іске асыру бойынша іс-шараларды бекіту туралы» өкімін, 2017 жылдың 21 шілдесіндегі «Алматы облысындағы ШОБ дамытудың негізгі жұмыс бағыттарының Жол картасының» 4 бөлімін орындау аясында ШОБ-қа коммуникациялары бар нысандарды жеңілдікпен жалға беру көзделген шағын индустриалды аймақтар құру қарастырылған.

Осылайша, Кәсіпкерлер палатасы, әкімдік, «ТЭСС» ЖШС арасында өзара қарым-қатынас және кәсіпорындағы бос тұрған ғимараттарды ШОБ-қа бизнес-инкубатор қағидасы бойынша жеңілдікпен беру жөнінде үшжақты меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, «Дархан и К» ЖШС кәсіпорнының базасы қарастырылуда.

«Атамекен» ҚР ҰКП тоқтап тұрған кәсіпорындар негізінде шағын индустриалды аймақтарды құрып, бос тұрған ғимараттарды өндірістік мақсатта қолдануды ұсынады.

Бизнес үшін басты артықшылықтар:

  • Ауқымдылық және жобаға көптеген кәсіпкерлерді тартуға мүмкіндік береді;
  • Дайын инфрақұрылым мен қосылу;
  • Шағын индустриалды аймақта құрылыс мен жұмыс істеу барысында жұмыс орындарының артуы.

Сұрақтарыңыз туындаса немесе қызығушылық білдірсеңіз Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасына мына телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7282) 401 024.

Талдықорған қаласында «Талдыкорганэлектросетьстрой» ЖШС базасында Алматы облысындағы алғашқы шағын индустриялық аймақ іске қосылды. Жоба Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы және Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдуымен жүзеге асырылды. Өткен жылдың соңында тараптар арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылған. Шағын индустриялық аймақтарды дамыту  тоқтап қалған кәсіпорындар негізінде бизнес-инкубатор ашуға негізделген. Жүргізілген мониторинг бойынша облысымызда 13 тоқтап қалған кәсіпорын анықталды.

«Талдыкорганэлектросетьстрой» 1948 жылы Талдықорғандағы «Казэлектромонтаж» механикаландырылған лек тресті негізінде құрылған. Компания құрылыс және монтаждау жұмыстарымен айналысып келген. Кәсіпорын алаңында 12,6 га жер аумағы, жекеменшік әкімшілік ғимараты, металл құрастырылымдар цехы, қоймалар мен көлікжайлар бар. Шағын индустриялық аймақ ашу жобасын іске асыру нәтижесінде кәсіпорын аумағында 10-ға тарта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп жатыр.

«Кәсіпкерлерге жалға алу бағасы бойынша жеңілдіктер қарастырылған. Жалға алу құны нарықтық бағадан төмен. Кәсіпкерлік нысандарына қажетті инфрақұрылым тартылған. Сонымен бірге, бос жер аумақтарында кәсіпкерлер құрылыспен айналысып, жаңа нысандарды аша алады. Шағын индустриялық аймақтарды ашу мен дамыту шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандырудың тағы бір механизмі болып табылады. Жоба жер ресурстарын тиімді пайдалануға, тоқтап тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға септігін тигізеді», - деді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Әсет Шаяхметов.

Бүгінгі таңда индустриялық аймақ аумағында ателье, құрылыс машиналарын жөндеу цехы, металл құрастырылымдар цехы, полиэтиленді өңдеу цехы, шеберхана цехы, пластик терезелерді шығаратын цех, кондитерлік цех, ТЖО жұмыс істеуде.

«Талдыкорганэлектросетьстрой» ЖШС директоры Қайролла Ибрагимовтың сөзінше шағын индустриялық аймақ ашу жобасы тоқтап тұрған кәсіпорынға жаңа тыныс берді.

«Кәсіпорын жұмысына қатысты қиындықтарды 2014 жылдан бастап сезіне бастадық. Әр түрлі жағдайлар орын алды, компанияны қайта жандандыру бойынша көп ойландық. Кәсіпкерлер палатасының демеуімен біздің кәсіпорын жаңа өмірін бастады. Әрине, жағдайымыз әлі де күрделі болып тұр. Оңалту процедурасын өтуге дайындалып отырмыз, есепшоттарымыз ашылады. Біз қызметімізді қайтадан бастаймыз», - деді Қайролла Ибрагимов.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ақпаратынша алдағы уақытта Талдықорған қаласында «Дархан и К» кәсіпорны негізінде шағын индустриалды аймақты ашу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Серіктестер