«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаржылай емес қолдау

Өтінімдерді қабылдау және қосымша ақпарат үшін Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына хабарласу қажет.

Мекнжайы: Талдықорған қ-сы, Көрме кешенінің ғимараты

Тел.: 8 7282 40 14 77

«Бизнес – Кеңесші» жобасы өзіңіздің жеке бизнесіңізді қалай ашу немесе құрылған компанияның жұмысын қалай оңтайландыру керектігін айқындайды. Оқу барысында Сіз өзіңіздің жеке бизнесіңізді ашуға қажетті маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің құқықтық негіздері, қаржылар туралы білімді меңгересіз. Кәсіби оқытушылар аудандар мен қалаларында жеке кәсіпкерлік бойынша оқыту жүргізеді. Оқу аяқталғаннан кейін жобаға қатысушылапр сертификат алады. Оқудың ұзақтығы: 2 күн бойы, сағат 09:00- 18:00 дейін. Оқу ақысыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Егер де Сіз «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында грант алу үшін өтінім беруге ниет білдірсеңіз, «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша курстан өтіп, сертификат алу міндетті шарт болып табылады. Сонымен қатар, «Банк ЦентрКредит» АҚ «DAMU StartUp» несиесін алу үшін «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша оқу мен сынақталудан өту қажет.

Оқу бағдарламасына келесі тақырыптар кіреді:

• кәсіпкерлікке кіріспе;

• кәсіпкерлік психологиясы;

• бизнес-жоспар;

• маркетингтік қызмет;

• қызметкерлерді басқару;

• кәсіпкерut арналған қаржы;

• кәсіпкерліктің құқықытық аспектілері;

• бизнесті жүргізуге қатысты ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдылары.

Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды:

Сіз осы жобаға :

• жеке ісіңізді ашуды жоспарлап жүрсеңіз, немесе

• жеке ісіңізді жаңадан бастаған кәсіпкер болсаңыз қатыса аласыз .

Жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Сұрақ «Егер мен кәсіпкер болмасам, бірақ бизнесті құру негіздері бойынша білім алғым келсе, бағдарламаға қатыса аламын ба»?

Жауап «Иә, қатыса аласыз. Бағдарлама әрекет етуші кәсіпкерлерге және бизнеспен айналысуға ынталы адамдарға арналған».

Сұрақ «Бағдарламаға қатысу тегін бе? Егер тегін болмаса, оның бағасы қандай»?

Жауап «Бағдарламаға қатысу үшін ақы төлеудің қажеті жоқ. Егер Сіз «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша грант алуға ниет білдірсеңіз, осы курстан өтіп, сертификат алуға міндетті екеніңізді ескертеміз».

Жобаны іске асыру нәтижелері

Бағдарламаға қатысушылардың арасында жүргізілген зерртеу нәтижелері негізінде, курстарға қатысу тек кәсіпкерлерді ғана емес, жеке тұлғаларды да қызықтыратыны анықталды. Әрекет етуші кәсіпкерлер өздерінің білімдерін пысықтап, тереңдеткенін атап өтті, және де олардың көбі курсты бітіргеннен соң мемлекеттік грант алуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Аға сеньорлар » жобасы Сізге өзіңіздің қызметкерлеріңізді оқытуға және әртүрлі бизнес-міндеттердің шешімдерін табуға мүмкіндік береді. Аталған жобада жаттықтырушылар ретінде халықаралық компанияларда басқару, өндіру, жұмыс саласында үлкен тәжірибесі бар кәсіпқойлар қатысады. Жобаның аясында кәсіпкерлер үшін қазақстандық және халықаралық сарапшылардың кеңестері мен семинарлар көзделген.

Сіз өз компанияңызға сарапшыны келесі мақсаттар үшін шақыра аласыз:

· қызметкерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру;

· өндірісті басқару бойынша тәжірибемен алмасу;

· өнімнің сапасын арттыру ;

· жаңа стандарт тарды енгізу ;

· маркетинг стратег ияларын және бизнес- жоспарларды әзірлеу ;

· техни калық , экономи калық немесе ұйымдастырушылық міндеттерді шешу .

Сарапшы, сондай-ақ шетелдік сарапшы, ағымдағы сұрақтарды шешуде көмек көрсету үшін, өз тәжірибесімен бөлісу үшін тікелей Сізге келеді. Сонымен қатар, «Аға сеньорлар» жобасы Сізге жаңа бизнес-серіктерді табуға көмектеседі.

Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды .

Сіз келесі жағдайларда жобаға қатыса аласыз :

· «Бизнестің жол картасы 2020» аясында басқа бағдарламалардың қатысушысы болып табылған жағдайларда ;

· Қызметтері экономиканың басым секторларына жататын шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғарғы және орта буын басшысы болып табылған жағдайларда;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шетел сарапшыларының ұшуы бойынша шығындарды төлеу және қызметтерді төлеуді мемлекет жүзеге асырылады. Көлік және тәулік шығындары, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұру Сіздің өз қаражатыңыз есебінен жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер

Бағдарламаға қатысқаннан кейін Сіз жаңа іскерлік серіктерді табу, бизнес саласында өз құзыреттерініңзді кеңейту, алдағы қатардағы компаниялардың тәжірибелерімен танысу және технологиялық және басқарушылық ноу-хауларды енгізу бойынша кеңестер алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ : « Егер де менің компаниям «БЖК-2020» бағдарламаларына қатыспаған болса, мен бағдарламаға қатыса алам ба ?»

Жауап : Иә, егер Сіздің компанияңыз экономиканың басым салаларының біріне жататын болса, бағдарламаға қатыса аласыз . ( http://www.damu.kz/9633 )

«Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу жаңа бизнес-байланыстарды орнатуға, іскерлік серіктерді, соның ішінде шетелдік серіктерді табуға, шетелдік компанияларда тағылымдамадан өтуге көмектеседі. Сонымен қатар, Сіз жаңа тәжірибе алу және алдыңғы қатардағы технологиялармен танысу мүмкіндігне ие боласыз.

Жобаның аясындағы оқу екі кезеңнен тұрады:

I. Отандық және шетелдік мамандардың басшылығымен тегін үш апталық бизнес-тренингтер. Оқудың бірінші екі аптасы – күндізгі оқу. Тренингтер Астана және Алматы қалаларында өткізіледі. Оқудың үшінші аптасы – сырттай оқу (соның ішінде онлайн-семинарлар мен кеңес берулер).

II. Германияда ұзақтығы 4 апталық және АҚШ 3 апталық тағылымдамадан өту.

Жобаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды:

Сіз келесі жағдайларда «Іскерлік байланыстар» жобасына қатыса аласыз :

· Сіздің кәсіпорныңыз кәсіпкерліктің шағын немесе орта субъектісі болып табылған жағдайларда ;

· Сіздің кәсіпорныңыз экономиканың басым секторларының бірінде жұмыс істеген жағдайларда ( қараңыз : http://www.damu.kz/9633 )

· Сіздің лауазымыңыз – басшы орынбасарынан төмен болмаған жағдайларда.

Шетел компанияларында тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын талаптар :

· тағылымдама мақсаттарын нақты құрастыру ;

· әлеуетті серіктер мен жеткізушілер туралы ақпаратқа ие болу ( АҚШ және Германи яда );

· өкілдік ететін компанияның атынан келісім-сөздерді жүргізуге және шарттарға қол қоюға өкілеттілікке ие болу.

Жобаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Жаңа білімді, жұмыс әдістерін меңгеру . Жаңа технологи яларға қол жеткізу – өндіріс саласында және б изнес- үдерістерінде . Серіктерді, сондай-ақ шет елдерде серіктерді табу.

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ 1: Қатысушы тағылымдама өтетін елге және кері ұшу үшін қаржылық шығындарды төлейді ме ?

Жауап 1: Қазақстаннан тағылымдама өтетін елге және кері ұшу үшін, сонымен қатар, тұру үшін шығындарды қатысушы төлемейді. Қазақстаннан ұшу жеріне дейін қатысушы өз қаражаты есебінен жетеді .

Еншілес ұйымдар

Серіктестер