«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі 27.01.2014 бастап жұмыс істейді. Кеңесті Файзулин Баниямин Джихангерұлы басқарады. 

Алматы облысында кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу үшін, сондай-ақ көпшілікке таныстыру мақсатында құрылған.

Кеңестің негізгі міндеттері:

1) кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау;

2) мемлекеттік органдар мен мекемелерге кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар беру;

3) Ұлттық палатаның мүшелерін қорғау үшін мемлекеттік органдарға ұсыныстар дайындау және жолдау, ресми хат алмасуды жүргізу, олардың құқығы мен заңдық мүддесін таныту;

4) орталық және жергілікті мемлекеттік басқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, жеке кәсіпкерлік субъектілері, Ұлттық палата жүргізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына қоғамның түрлі тіршілік әрекеті салаларында ұсыныстар дайындау және көмек көрсетуге бағытталған өзгеде іс-шараларды қабылдау арқылы жәрдемдесу:

  • кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында жұмылдыру;
  • кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігін күшейту;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі жемқорлыққа қарсы тәжірибені қалыптастыру;
  • ресурстарды бөлу және инфрақұрылымға қол жеткізу механизмдерін жетілдіру;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер

Кеңес құрамына депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері, жетекші құқыққорғаушылар, бизнес қоғамдастықтар өкілдері мен өңір кәсіпкерлер мүше.

Алматы облысы Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы  - Файзулин Баниямин Джихангерұлы. Ол сонымен бірге Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, Алматы облысы кәсіпкерлердің біріккен қауымдастықтарының президенті, Талдықорған қ. Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы болып табылады.

Байланыс: Талдықорған қ-сы, 8 ы/а, Көрме кешенінің ғимараты

тел.: 8 (7282) 401-496; 401-282

сот.: 8 707 722 64 22; 8 777 722 64 22

e-mail: franck_muller@mail.ru

Кеңес хатшысы -  Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің басшысы Сұлтанбек Әділет Сұлтанбекұлы.

тел. +7 (7282) 401 282    

e-mail: а.sultanbek@palata.kz

1

Файзулин Баниямин Джихангерұлы

Кеңес төрағасы

Талдықорған қ. рестораторлары қауымдастығының төрағасы, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі

2

Қабдиев Қанат Тасболатұлы

ҚР Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің Алматы облысы бойынша аппараты секторының жетекшісі

3

Әділбекова Данипа Медетқызы

Адвокат, Алматы облысы бойынша адвокаттар коллегиясының төрайымы

4

Аникин Александр Владимирович

"Геодезия Сервис" ЖШС бас директоры,

"Алматы облысының жобалық, жобалық-іздестіру ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ төрағасы

5

Тойжанов Марат Серікұлы

Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары

6

Дүзгенбаев Қайрат Кәрімұлы

 

«Атамекен» Талдықорған кәсіпкерлерінің одағы қауымдастығы» ЗТБ Президенті

7

Дүйсембинов Сұлтан Мырзабекұлы

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы

8

Тәжібаев Жасұлан Кенжебайұлы

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының департаменті басшысының орынбасары

9

Қармандаев Қайрат Сүлейменұлы

 

«ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ басшысының орынбасары

10

Қасымбаев Қанат Қайырқанұлы

 

“Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті” РММ Экономикалық тергеулер қызметінің профилактикалық жұмыс пен бақылау басқармасының басшысы

11

Кереев Қайрат Нұрғабылұлы

«Нұр-Шапағат-Проект» ЖШС бас директоры

12

Бейсеқұлова Ләззат Мұқатайқызы

«Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті” РММ басшысының орынбасары

 

13

Самойленко Алиса Владимировна

ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есептер басқармасы басшысының м.а.

14

Тұяқов Жеңіс Шылбынұлы

Алматы облысы әкімінің орынбасары

15

Сұлтанбек Әдлет Сұлтанбекұлы

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімнің басшысы

2018 ж.

Айы

Өтетін уақыты

Қаңтар

31.01.2018

Ақпан

      -

Наурыз

16.03.2018

Сәуір

27.04.2018

Мамыр

31.05.2018

Маусым

13.06.2018

27.06.2018

Шілде

10.07.2018

Тамыз

Келісім бойынша

Қыркүйек

Келісім бойынша

Қазан

Келісім бойынша

Қараша

Келісім бойынша

Желтоқсан

Келісім бойынша

Серіктестер