«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлікті сервистік қолдау

КӘСІПКЕРЛІКТІ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ

Сервистік қолдау кәсіпорынның тиімділігін көтеру мақсатында оны басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және мамандандырылған қызметтердің шағын және орта кәсіпкерлігі субъектілеріне ұсынудан тұрады: 

№1 қызмет: Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, сондай-ақ мәселелер бойынша консультациялардан тұратын статистикалық есептілік жасау

№2 қызмет: Кеден процедуралары бойынша қызметтер

№3 қызмет: Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша консультация беру және күллі процесті толығымен сүйемелдеу

№4 қызмет: Заңгерлік қызмет көрсету

№5 қызмет: Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер

№6 қызмет: Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы консультациялар

№7 қызмет: Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар және жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алуларымен байланысты қызметтер.

№8 қызмет: Менеджмент мәселелері бойынша қызметтер. 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҚТАРЫ

Кәсіпкерлерді қолдау ортылығы «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни, орталықтың мамандары кәсіпкерлерге кеңес беріп, бизнесті қолдайтын барлық мемлекеттік бағдарламаларды ұсынып, оқытып, жобаларын сүйемелдейді.

Палата қызметкерлері келесі қызметтерді кәсіпкерлерге тегін көрсетеді:

  1. Бизнесті ашу, жүргізу, жабу және де басқа құқықтық мәселелер;
  2. Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламарына  (БЖК-2020, Жұмыспен қамту-2020, Агробизнес, Экспортер-2020,Өнімділік-2020) қатысу үшін құжаттарды дайындау; 
  3. Қаржы институттарының шарттарын түсіндіру жұмыстары;
  4. Салық және статистикалық есептілікті өткізу;
  5. Бизнес-жоспар жазу, менеджмент бойынша көмек көрсету;
  6. Бастаушы және әрекеттегі кәсіпкерлерді оқыту.

«Бизнес – мектеп» компоненті моноқалалар, шағын қалалар және аудан орталықтарында шағын және орта кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға оқу жобаларын ұсынуға бағытталған.  

«Бизнес-мектеп» компоненті аясында оқу семинар-тренингтері келесілерді қарастырады:

1 кезең. «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізудің негізін қысқа мерзімде оқыту;

«Бизнес – Кеңесші» жобасы – бұл өз бизнесіңді құру, маркетинг, адам ресурстарын басқару, бизнесті жүргізудің заңнамалық негізін, қаржы бойынша қысқа мерзімді оқыту, оның мақсаты Қазақстанның барлық өңірлерінде шағын және орта бизнесті сапалы дамытуды ынталандыру.  Оқу курстарының ұзақтығы – 16 сағаттан кем емес. Оқулар тәжірибелік жағдайларды және жаттығуларды талқылаумен интерактивті режимде жүргізіледі.

2 кезең. Жобалық оқыту (нақты жоба бойынша)

          «Бизнес-Кеңесші» курстарынан оқудан өткен тыңдаушылардың ішінен бағыттар мен жобалар бойынша топтар қалыптастырылады.

         Жаңа бастаған кәсіпкерге таңдауға бірнеше кіші жобалар ұсынылады, оны осы ауданда немесе моноқалада (шағын қалада) жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар жоба идеясын  «Шағын бизнес үшін 100 жоба» бизнес-анықтамалығындағы жобалардан пайдалануға болады.

         Басым және сұранысқа ие жобалар тізімі анықталған. Жобалар оқу мерзіміне бөлінген, 1-ден 4- аптаға дейінгі кезең.

         Ары қарай жобалық оқу кезеңінде практикалық тәжірибе алу, көтерілген сұрақтарды түсіндіру мақсатында дайын жүзеге асырылған жобаларға бару жүзеге асырылады.

Шағын және орта кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға оқу барысында кәсіпкерлік қызметті жүргізудің негіздері бойынша оқу материалдары, стандартты құжаттар пакеті, соның ішінде бизнес-жоспарлар, қаражат алуға құжаттардың үлгілері, маркетингттік зеріттеулердің нәтижелері, инновация енгізу саласындағы халықаралық тәжірибелер, шағын кәсіпкерлікті құру үшін идеялар анықтамалығы ұсынылады.   

«Бизнес-мектеп» компоненті жобалары бойынша өтініш шағын және орта кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындармен КҚО, КҚП ұсынылады.  

Талдықорған қалалық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 8 ы/а, Көрме кешенінің ғимаратында орналасқан.

Тел.: 8 7282 40 17 27 

Серіктестер