«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы

Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі болып табылады. 2013 жылдың 8 қазанында әділет органдарында тіркелген. Палатаның басты міндеті - бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.  

Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары

1. Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.

2. Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді анықтау, аудандар, өңірлер, республика бойынша бизнестің жүйелі проблемаларын шешу.

3. Отандық өндірістерді дамытуға және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

4. Өңірдің кәсіпорындарында талап етілетін мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу.

5. Агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес проблемаларын шешуге жәрдемдесу.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша кәсіпкерлерден "Атамекен" ҰКП call-орталығына 1432 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.

Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік желіде:

Facebook топ: Taldykorgan Business

Instagram парақша atameken.taldykorgan

Telegram канал  businessshtabalmobl

Еншілес ұйымдар

Серіктестер