«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Хабарландырулар

Atameken Business Channel

Хабарландырулар

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, инвестициялық салымдарды субсидиялау мәселелеріне арналған жиынға шақырамыз. 
Бейнеконференц байланысы арқылы өтетін жиынға Ауыл шаруашылығы министрлігі, салалық одақтар мен қауымдастықтар өкілдері қатысады.

Алматы облысының кәсіпкерлері үшін жиын мына мекенжай бойынша өтеді:
8 ықшамауданы, 2 “А”, Кәсіпкерлер палатасы (Көрме кешенінің ғимараты) 1 қабат
Анықтама: 27-10-47, 8 705 190 00 00

Талдықорған қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері!

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында «ТАТЭК» АҚ, «Жетісу су құбыры» ҚМКК, «Талдықорған жылусервисі» КМК, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жетісу өндірістік филиалының өкілдіктері ашылды. Осылайша жарық, су, жылу және газбен жабдықтау бойынша құжаттар өткізу мен кеңес беру бір мекемеде және  «бір терезе» режимінде көрсетіледі.

Жұмыс уақыты 9:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін)

Мекенжай: 8 ықшамауданы, 2 «А», Кәсіпкерлер палатасы (Көрме кешенінің ғимараты), 2 қабат.

Анықтама үшін: 40-17-27. e-mail: zhetysu@atameken.kz

16 сәуір күні Талдықорған қаласында 2015-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы және 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдірудің кешенді жоспары аясында техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру бойынша бір күндік ақысыз өңірлік семинар өтеді.

Семинардың ұйымдастырушылары - ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті  мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» РМК.

Жобаның мақсаты – Қазақстандағы  кәсіпорындар мен ұйымдардағы мамандардың техникалық реттеу және менеджмент жүйесі саласында халықаралық стандарттардың талаптарына сай біліктілігін арттыру.

Ұйымдастырушылар келесі тақырыптарды қарастыруды жоспарлап отыр:

ISO/FDIS 45001 «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Талаптар жөніндегі нұсқаулықты пайдалану»;

ISO/FDIS  22000 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджмент жүйелері. Кез келген ұйымның азық-түлік  тізбегінің талаптары»;

Дүниежүзілік экономикалық форумның  жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі шеңберінде,  ішкі нарықтағы жеткізушілердің сапасын жақсарту.

Семинар соңында қатысушыларға тиісті үлгіге сәйкес сертификаттар  беріледі.  

Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241, 1 қабат, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ мәжіліс залы.

Тіркеу 16 сәуір күні сағат 9:30-да басталады.

Байланыс: «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы, 8 (7282) 24-45-49. 

E-mail: kazinst_tald3@mail.ru      

29 наурыз Талдықорған қаласында «Балалық шаққа инвестиция» мектепке дейінгі білім берудегі инвесторлардың І облыстық форумы өтеді. Шара Алматы облысында жекеменшік мектепке дейінгі білім беруді дамытудың мүмкіндіктерін танытуға, басқару саласында тәжірибе алмасуға, сонымен бірге мектепке дейінгі білім беру саласында негізгі тенденциялар мен даму бағыттарын анықтауға бағытталған.  

Облыстық форум Қазақстан мектепке дейінгі білім ұйымдары қауымдастығының филиалы және Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен, облыс әкімідігі және Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен өтеді.

Іс-шараға Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, Қазақстан мектепке дейінгі білім ұйымдары қауымдастығының президенті Лейла Күленова, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, сондай-ақ прокуратура, Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы, “Даму” қорының өкілдері мен жекеменшік балабақшалардың 200-ден астам басшылары қатысады.

Форумның ашылуы сағат 10:00-де Көрме кешенінің ғимаратында өтеді.

Кәсіпкерлер назарына!

“Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің болашағы қандай?” тақырыбында өтетін тегін семинарға қатысуға шақырамыз. Семинар барысында “мемлекеттік-жекеменшік әріптестік” (МЖӘ) түсінігі, іске асыру механизмі, процедуралары, басымдықтары, сондай-ақ, сала бойынша заңнамадағы өзгерістер туралы кеңінен түсіндіріп өтеміз.

Лектор - Алтынай Қыдыркешова, Талдықорған қ. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелері жөніндегі маманы.

Өтетін уақыты: 14 наурыз, 10:00 
Өткізілетін орны: Талдықорған қ-сы, 8 ы/а, Кәсіпкерлер палатасы (Көрме кешенінің ғимараты), 1 қабат.

Тіркелу: 87282 40 17 27, 8771 472 76 90

 

1 ағымға “Бастау Бизнес” жобасы бойынша

тестілеу кезеңі туралы хабарландыру

     Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы (АКП), “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін тегін оқуына қатысуға шақырады. Оқуға қатысу үшін тесттен өту қажет туралы ескертеміз. Тест кезеңі 2018 жылы “14” және “15” сәуір аралығында өтеді.

     Қызышулық таңығандарды төмендегі көрсетілген мекенжайлан немесе телефондарға АКП-нің филиалдарына, немесе аудандық жұмыспен қамту орталықтарына, ауылдық округінің немесе елді мекен әкімдігтеріне жүгінуге болады.

     Өзіңізбен бірге төл құжаттың көшірмесін, мекен жай туралы анықтама және екінші деңгейдегі банкте ашылған есеп туралы аңықтама болуы тиіс.

     Оқы мерзімі 1 ай және оқуға қатысушыларға стипендия төленеді. Толық анықтама алу үшін 8 (7282) 401-477

Аудан

Мекен-жайы

Телефон

Ақсу ауданы

Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көш. 5

8(72832) 79018

Алакөл ауданы

Ушарал қ., Қонаев көш., 30

8(72833) 79113

Балқаш ауданы

Бақанас ауылы, Қонаев көш., 62

8(72773) 79059

Ескелді ауданы

Қарабұлак кенті, Оразбеков көш. 52/65

8(72836) 79016

Енбекшіқазақ ауданы

Есік қ., Абай көш., 130

8(72775) 79127

Жамбыл ауданы

Ұзынағаш ауылы, Төле би көш., 46-А

8(72770) 79019

Іле ауданы

Отеген батыра кенті,

Титов көш., д. 24

8(727) 3983949

Қарасай ауданы

Қаскелен қ., Толе би  көш.50/1

8(727) 3080295

Қаратал ауданы

Үштөбе қ.,  Құсмолданов көш. 4

8(72834) 79159

Кербұлақ ауданы

Сарыөзек ауылы, Маметова көш. 6

8(72840) 79101

Көксу ауданы

Балпык би кенті, Мырзабеков көш., 38

8(72838) 79022

Райымбек ауданы

Кеген ауылы, Қонаев 102/4

8(72777) 79059

Панфилов ауданы

Жаркент қ., Түркебаев көш. 40/4

8(72831) 79035

Сарқан ауданы

Сарқан қ., Тәуелсіздік көш. 114

8(72839) 79114

Талғар ауданы

Талғар қ., Рыскулов көш., 72

8(727) 307489

Ұйғыр ауданы

Шонжы ауылы, Исламов көш., 70

8(72778) 79069

2 наурыз күні Панфилов ауданында Іскер әйелдер кеңесі және әкімдіктің бастамасымен аудан әкімінің жүлдесіне ұйымдастырылған “Ақыл мен Ажар” атты арулар байқауы өтеді.

Байқауға әр ауылдық округтен 16-22 жас аралығындағы, мемлекеттік және ана тілін жетік меңгерген қыздар бақ сынайды. Осыған дейін ауданның барлық округтерінде байқаудың бірінші кезеңі өткен болатын. Енді ақтық кезең өтеді.

Бас жүлде иегеріне аудан әкімінің жүлдесі және “Ақылды, ажарлы ару” атағы беріледі.

Байқау аясында “Мен Қазақстан қызымын”, “Қыз еркем кестесімен көркем”, “Қызды тәрбиелеген ұлтты тәрбиелейді” сынды сайыс түрлері өтеді.

Шараға аудан әкімі, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, іскер әйелдер мен ауданның бизнес қоғамдастығы және тұрғындары қатысады.

Кәсіпкерлер назарына!
“Мемлекеттік сатып алулар порталы қалай жұмыс істейді?” тақырыбында өтетін тегін семинарға қатысуға шақырамыз. Семинар барысында сатып алу порталында тіркелу, ары қарай жұмыс істеу тәсілдері түсіндіріледі.

Лектор - Арлан Әлімбаев, Талдықорған қ., Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мемлекеттік сатып алу бойынша маманы.

Өтетін уақыты: 6 наурыз, 10:00 
Өткізілетін орны: Талдықорған қ-сы, 8 ы/а, Кәсіпкерлер палатасы (Көрме кешенінің ғимараты), 1 қабат.

Тіркелу: 87282 40 17 27, 8775 769 00 02

 «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсқа жəне «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталатыны туралы хабарлайды.  

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес конкурстар жыл сайын өткiзіледі.

Конкурстарға Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда), қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Мемлекеттің қатысу үлесі 50 %-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ өздеріне қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды.

Конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2018 жылғы 1 шілдеге дейін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына немесе www.altynsapa.kz сайтында электронды нұсқада Конкурстарға қатысушылардың материалдарын ресiмдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелерiне сәйкес өтінім мен материалдарды (есептерді) тапсыруы тиіс.

Конкурстар бойынша толық ақпаратпен www.altynsapa.kz  сайтында танысуға болады.

Телефон бойынша кеңес: 8 (7282) 401-027, 8707 386 99 73, 8 701 770 80 02.

Электронды пошта: zh.maratova@palata.kz 

Құрметті кәсіпкерлер!

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы Сіздерді «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады. Оқыту екі сатыдан тұрады:

1 саты: бизнес жүргізудің заманауи әдістері мен білім дағдыларын оқыту, бизнес серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша 3 апталық бизнес-тренинг;

2 саты: шетелдік кәсіпорындарда іскерлік қарым-қатынасты жақсарту, тауар жеткізу, жабдықтау, тәжірибе алмасу және т.б. мәселелер бойынша шетелде 4 апталық тақырыптық бизнес-тағылымдама.  

Бизнес-тренингке және шетелдік тағылымдамаға қатысу тегін өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша аудандық Кәсіпкерлікке қолдау орталықтарында немесе Алматы облысыныі кәсіпкерлер палатасына: Талдықорған қ., №7 шағын ауданы, Көрме кешенінің ғимараты, тел.: 8 (7282) 401-477, эл.пошта: ye.datkayev@palata.kz, a.dzheksemba@palata.kz

 

 

Құрметті кәсіпкерлер!

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы Сіздерді "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту (аға сеньорлар)" құрауышына қатысуға өтініштерді қабылдау туралы хабарлайды.

Аға сеньорлар құрауышы басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша құрауышқа қатысушыларға тікелей кәсіпорындарда консультация беру үшін жемісті жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға бағытталған.

Өтініштер аудандық Кәсіпкерлікке қолдау орталықтарында немесе Алматы облысыныі кәсіпкерлер палатасына: Талдықорған қ., №7 шағын ауданы, Көрме кешенінің ғимараты, тел.: 8 (7282) 401-477, эл.пошта: ye.datkayev@palata.kz, a.dzheksemba@palata.kz қабылданады.

 

 

Құрметі кәсіпкерлер мен облыс тұрғындары!

Кәсіпкерлер палатасының кеңсесі жаңа мекенжай бойынша орналасқанын xабарлаймыз: Талдықорған қ., 7 ықшамауданы, Көрме кешенінің ғимараты, 2 қабат (жаңа ЗАГС ғимараты жанында).
12, 13, 33, 227 автобустар қатынайды.

Анықтама үшін: 87282 40 14 99, 8707 585 15 85

Соңғы жылдары мемлекетпен кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар жүргізіліп жатқандығын білесіздер.

Қоғамдық денсаулық сақтау органдарының негізгі функциясының бірі, ол мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.

Біріншіден, 2014-2015 жылдары басталған кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шараларды іске асыру мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету саласындағы бірталай нормативтік құқықтық актілерге енгізілген түзетулер нәтижесінде, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауға жататын объектілер саны облысымызда 12 мыңнан 4 мыңға дейін немесе 3 есеге қысқартылды. Сонымен бірге, субъектілердің тексеру кезеңділігі, эпидемиялық маңыздылығына байланысты, бұрынғы тоқсан сайыннан жылына 1-2 ретке дейін қысқартылды.

Нәтижесінде облыстағы 8,5 мыңнан астам объектілер ерекше тәртіптегі тексерулерден босатылып, тек қана жоспардан тыс тәртіпте тексерулерге жатқызылды, олар өз бастамасы бойынша өтініштері немесе жеке және заңды түлғалардың арыздары негізінде.

Екіншіден, қоғамдық денсаулық сақтау органдары қадағалау мен бақылау функциясын түбегейлі өзгертіп, кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимылын құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы, өзін-өзі реттеу және бақылау және қадағалауды ең аз қажеттілік және жеткіліктілік, тексерілетін адал субъектілерді көтермелеу қағидаттарына ауысу нәтижесінде, жеке кәсіпкерлік субъектілердің тексерулері жылдан жылға азаюда (2016 ж- 2789, 2017 ж 10 айында – 1928).

Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау органдары шаруашылық субъектілер қызметінің эпидемиялық маңыздылығын, бизнес категориясы мен жаңадан ашылуын, соңғы тексеру қорытындыларын ескере келе, ерекше тәртіптегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудан босату түрінде іс-шаралар атқаруда.

Үшіншіден, рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамаларға енгізілген тұзетулер негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлері мен саны айтарлықтай қысқартылды.

2017 жылғы 10 айында 1500 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олардың ішінде 91% көрсетілетін қызмет алушылар http://www.elicense.kz, 7% - «Азаматтар үшін Үкімет» Мемкорпорациясы ҰАҚ және 2% - «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызмет беруші кеңсесі арқылы жүгінген.

Көрсетілетін қызмет алушылар қоғамдық денсаулық сақтау органдарына көрсетілетін мемлекеттік қызмет алу үшін стандарттармен қарастырылған қай да тәсілді өз еркімен таңдауға мүмкүндігі бар, http://www.elicense.kz, http://egov.kz порталдары, «Азаматтар үшін Үкімет» Мемкорпорациясы ҰАҚ және көрсетілетін қызмет беруші кеңсесі арқылы.

Сонымен бірге, 2017 жылы рұқсат беру жұйесін оңтайландыру аясында көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері келесі 2 қызметті алып тастау арқылы 7-ден 5-дейін қысқартылды:

- "Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру";

- "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру".

Төртіншіден, 2015 жылы біздің қызметте, алғашқы болып, мемлекеттік қадағалау мен бақылаудың баламалы түрінде жекеменшік санитариялық-эпидемиологиялық аудит пайда болды. Алматы облысы бойынша осындай 4 мекеме қызмет атқарады. Егерде бірінші жылы санэпидаудитке тек қана қадағалаудағы 3 объект ауысса, 2016 жылы-133, ал осы жылдың 9 айында – 247-сі санитариялық-эпидемиологиялық аудитке ауысты.

Бизнес үшін артық, ескірген, өзектілігін жойған тосқауылдарды алу мақсатында Қоғамдық денсаулық сақтау органдарымен қолданыстағы Санитариялық қағидалардың талаптарын әрі қарай оңтайландыру бойынша іс-шаралар жалғастырылуда.

Қолданыстағы 36 Санитариялық қағидаларға ревизия жасап, оның 26-да үй-жайлардың құрамын және олардың аудандарын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Барлығы ревизияланған 26 санитариялық қағидалардың 6035 санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен 156 қосымшаларының 330 талаптары мен 22 қосымшаларын алып тастау, құрылыс нормаларына, техникалық регламенттерге, Су кодексіне, Атом энергиясын пайдалану туралы Заңына, көлік және коммуникация министрінің бұйрығына ауыстырып, енгізу әдістермен оңталайндыру ұсынылды.  

Қадағалау мен бақылау функциясының қысқарту кезінде, тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі қағидатына негізделіп атқарылуда.

Қазіргі кезде, азайған бақылау мен қадағалау функцияларының орнына, қоғамдық денсаулық сақтау органдарының бастапқы функциясы болып, ол алдын алу шараларына бағыттанады.

Сондықтан, басымдықтардың бір негізгі бағыты, ол халық, субъектілер  арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын белсендіру.

Осы бағытта бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 2015ж. 9 айында 851 шара өткізілсе, 2016ж. 9 айында – 641, ал 2017ж. 9 айында – 776 оқыту-түсіндіру іс-шаралары атқарылды.

Атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілер үшін әкімшілік кедергілер айтарлықтай жойылып, қолдау көрсету жөнінде нақты іс-шаралар өткізілді. 

Мәтіннің электронды нұсқасын жүктеп алу

Инфографиканың электрондық нұсқасын жүктеп алу

Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын жаңа санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 13 қыркүйекте № 15689 болып тіркелді. Осы санитариялық қағидалардың электрондық нұсқасын http://adilet.zan.kz, http://zan.gov.kz сайттарында жүктеуге немесе танысуға болады.

Осы "Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) тамақ өнімінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Санитариялық-эпидемиологиялық тексерулер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тексеру парағында белгіленген талаптар бойынша жұргізіледі. Нысанасы қоса ұсынылады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында

тексеру парағы

Көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қатысты

_______________________________________________________________

(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

р/с №

Талаптар тізбесі

 

 

Талаптарға

сәйкес

Талаптарға

сәйкес емес

Талап етіледі

Талап етілмейді

1

2

3

4

5

6

1

Объектіге санитаритариялық-эпидемиологиялық

қорытындының (келісімнің) болуы

 

 

 

 

2

Қызметтің басталуы туралы хабарлау тәртібін сақтау

(эпидемиялық маңыздылығы елеусіз объектілерге арналған)

 

 

 

 

3

Дезинсекциялық және дератизациялық іс-шараларды жүргізу

жөніндегі шарттың болуы

 

 

 

 

4

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған жапқыштары

бар контейнерлердің болуы

 

 

 

 

5

 Объект ғимаратына кіре-берісте және базарларда сауда

қатарларының бір сызығы бойында қоқысқа арналған урналардың болуы

 

 

 

 

6

Кіру жолдарының, жаяужолдар мен жүк түсіру алаңдарында қатты жабындының

болуы

 

 

 

 

7

Ақаусыз ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйесінің болуы

 

 

 

 

8

Су көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерге сәйкестігі

 

 

 

 

9

Ақаусыз суды бұру жүйелерінің болуы

 

 

 

 

10

Ақаусыз жарық жүйелерінің болуы

 

 

 

 

11

Ақаусыз жылыту жүйелерінің болуы

 

 

 

 

12

Микроклимат параметрлерінің нормативтерге сәйкес келуі

 

 

 

 

13

Ақаусыз желдету жүйелерінің болуы

 

 

 

 

14

Залдарда шу деңгейінің қолданыстағы нормативтерге сәйкес келуі

 

 

 

 

15

Тазалау мүкәммалының, таңбалаудың болуы, сондай-ақ дәретханаларға

арналған жеке тазалау құралдарының болуы

 

 

 

 

16

Қойма үй-жайларында, сауда залдарында, және тоңазытқыш камераларында,

жемістер мен көкөністерді сақтауға арналған тоңазытқыш камераларында

және басқа тамақ өнімдерінде бақылау-өлшеуіш құралдарының болуы

 

 

 

 

17

Өңдеу уақыты мен күнін, соңғы жарамдылық мерзімін көрсетумен дайын

өнімді, жартылай фабрикаттарды жіберген кезде таңбалаудың болуы

 

 

 

 

18

Тамақ өнімдерінің тауар көршілестігін сақтау

 

 

 

 

19

Бөлшектеп салынбаған тамақ өнімдерін жіберген кезде қысқыштардың,

қалақтардың, бір реет пайдаланылатын қолғаптардың болуы

 

 

 

 

20

Шикізат пен өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы

 

 

 

 

21

Өнімнің жарамдылық, сақтау мерзімін және өнім түрін көрсетумен таралық

орнында таңбалау заттаңбасының (жапсырманың) болуы және оны

жарамдылық (сақтау) мерзімі аяқталғанға дейін өнімді толық пайдаланылғанға

дейін сақтау

 

 

 

 

22

Тамақ өнімдерінің көтерме саудасы объектілері үшін өндірістік бақылаудың

бекітілген бағдарламасының болуы

 

 

 

 

23

Қолды жууға арналған заттардың, бір рет пайдаланатын сүлгілердің немесе

электр орамалдарының болуы

 

 

 

 

24

Персоналда алдын ала,  мерзімдік және профилактикалық медициналық

қарап тексерудің, жұмысқа рұқсаттың, гигиеналық оқытудың болуы

 

 

 

 

25

Шикізат және дайын өнім сынамалары, сыртқы орта объектілерінен,

дезинфекциялаушы құралдардан, өндірістік үй-жайлардың жұмыс аймағы

ауасынан алынған жұғындар көрсеткіштерінің сәйкестігі

 

 

 

 

26

Тыйым салынған тағамдардың, өнімдердің болмауы (соның ішінде

фортификацияланбаған жоғары немесе бірінші сұрыпты бидай ұны)

 

 

 

 

27

Темекі бұйымдарын қолдануға арналған арнайы жабдықталған орындардың

болуы; «Темекі бұйымдарын қолдануға арналған орын» жазбасының немесе

белгісінің болуы; темекі бұйымдарын қолдануға арналған арнайы орындарда

ақпараттың болуы; арнайы бөлінген орындарда сусындар мен тағамды

қолдануға салынған тыйымды сақтау

 

 

 

 

28

Өнімнің бақылануын қамтамасыз ететін тауарға ілесетін құжаттардың болуы

 

 

 

 

29

Тамақ өнімін алуды және жоюды растайтын құжаттардың болуы (жою актісі,

алу актісі)

 

 

 

 

Мәтіннің электронды нұсқасын жүктеп алу

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының төртінші бағытының шеңберінде

«Бизнес мектеп» компоненті бойынша оқыту Жобаларына өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды:

«Бизнес Кеңесші» - оқыту екі күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Қысқа мерзімді оқыту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік ынтасы бар азаматтарға кәсіпкерлік негіздері бойынша жүргізіледі.

«Бизнес Өсу» - оқыту бес күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

Оқыту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне құрамында кәсіпкерлік қызметті функционалдық бағыттары бойынша жүргізу мен дамыту бойынша қысқа мерзімді оқыту қосылған «Бизнес Кеңесші» жобасын аяқтағаны жөнінде сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға жүргізіледі.

«Тәлімгерлік қағидасын қолдана отырып жобалық оқыту» - оқыту екі ай ішінде жүзеге асырылады. Оқыту шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне құрамында кәсіпкерлік қызметті функционалдық бағыттары бойынша жүргізу мен дамыту бойынша қысқа мерзімді оқыту қосылған «Бизнес Кеңесші» жобасын аяқтағаны жөнінде сертификаты бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар азаматтарға жүргізіледі.

«Жас кәсіпкер мектебі» - оқыту бес күн ішінде жүзеге асырылады. Оқыту 17-ден 29 жасқа дейінгі жастар арасында кәсіпкерлік негіздеріне жүргізіледі.

Өтінімдер Талдықорған қ. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және аудандардағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 10 қаңтарынан басталады.

Қосымша ақпаратты Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау бөлімінен 8 (7282) 401-477 телефоны арқылы немесе Талдықорған қаласы, 7 ықшамауданы, 10 үй, "Koktem Grand" бизнес орталығы, 4-қабат (орталық кіре беріс) мекенжайы бойынша алуға болады.

Толығырақ: taldykorgan.atameken.kz

27 қараша күні Кәсіпкерлер палатасының алаңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Кеңес Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу үшін, сондай-ақ көпшілікке таныстыру мақсатында құрылған.

Дүйсенбіде өтетін жиында үш проблемалық мәселе қаралады. Біріншісі - сенімді инженерлік инфрақұрылым мен тұрақты электржабдықтаудың жоқтығынан алюминий қорытпасынан қалдықсыз өнімдер шығаратын зауыттың құрылысының тоқтап тұруы.

Екінші мәселе - ресторан бизнесінің өкілдері авторлық және сабақтас құқықтар бойынша заңнамадағы кейбір олқылықтарға байланысты.

Тағы бір сауал Талдықорған қаласы ветеринария бөлімінің мемлекеттік сатып алу саласында жіберген заңбұзушылықтарына қатысты болады.

Аталмыш мәселелерді оңтайлы және тиімді шешу мақсатында Кеңеске Алматы облысының әкімі Жеңіс Тұяқов, облыс прокурорының орынбасары, Кәсіпкерлік және индустриалды-иннвациялық даму басқармасы, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасы және т.б. мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Өтетін күні мен уақыты: 27 қараша, 15:00.

Өтетін жері: Талдықорған қ., 7 ықшамауданы, 10 үй, Koktem Grand бизнес орталығының 5 қабаты.

23 қараша күні сағат 16:00-де “Прокуратураның кәсіпкерлік саласындағы қадағалауы” форумында айтылған ұсыныстарды іске асырудың Жол картасы аясында бизнестің құқығын қорғау бойынша II форумның отырысы өтеді.

Шараны “Атамекен” ҰКП және “Нұр Отан” партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық Қоғамдық кеңес ұйымдастырып отыр.

Аталмыш шараға өңір кәсіпкерлері бейнеконференц байланысы арқылы қатыса алады. Мекенжайы: Талдықорған қаласы, Гайдар көш., 17 (облыстық прокуратура ғимараты, 4 қабат).

Анықтама үшін: 8 7282 24 17 80

Серіктестер