«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жекешелендіру Қазақстанның бәсекеге қабілеті арта түсу үшін қажет

2014 жылғы 14 Тамыз
4743 просмотров

Бұл мәлімдемені ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы баспасөз-орталығында өткен брифингте 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы жайлы ақпарат бере отырып, ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары Жаннат Ертілесова жасады.

Жаннат Ертілесованың айтуынша, бизнес экономикадағы мемлекет үлесінің төмендеуіне және әділетті бәсекенің дамуына сенеді.

«Менің және сарапшылардың берген бағасы бойынша, Қазақстандағы ІЖӨ ішіндегі квазимемлекеттік сектор үлесі 40-тан 60 пайызға дейінгі шаманы құрайды», - деп атап өтті Жаннат Ертілесова. Сонымен бірге, ол жеке меншікті мемлекеттікке қарағанда ұнамды деп есептейді, және де бұған әлемдік тәжірибе дәйек ұсына алады.

«Жекешелендіру елдегі экономиканың өсу сапасын көтеруге, Қазақстанның бәсекеге қабілеті артып, дамыған 30 ел қатарына кіруі үшін қажет», - деп ҰКП Басқарма Төрағасының Орынбасары жүргізілетін іс-шараның мақсатын белгілеп берді. Сонымен бірге ол бюджетке ақша тартудың басты мақсат болып табылмайтындығын атап өтті.

ҰКП Басқармасы Төрағасының Орынбасары Жаннат Ертілесова брифингте атап өткендей, ҰКП жекешелендірудің екінші толқынын өткізудің ашықтығын қолдайды. Ол үшін Мемлекеттік мүлік тізілімі порталында (gosreestr.kz) бірыңғай электронды алаң құрылған.

Төраға орынбасарының айтуынша, монополияға қарсы орган ролін күшейтіп, оған ҰКП қатысуымен тұрақты негізде квазимемлекеттік сектор субъектілері қызмет ететін тауарлы нарықтарға талдау жүргізу функциясын бекіту қажет. Сонымен қатар тауарлық нарықтарға талдау жүргізу әдістемесін жетілдіруді, сондай-ақ осындай талдауларды еркін қолжетімділікте міндетті жариялауды ұсынады.

«Барлық елдерде, тіпті Ресейде де тауарлы нарықтардың мұндай талдауларын бұрынғы біздегі БҚА (Бәсекелестікті қорғау агенттігі) ұқсас орган жүргізеді, және де олар жариялы, оларды сайттардан, БАҚ-тан таба аласыз. Бізде, өкінішке орай, бұл мәліметтер құпия», - деп назаланды Жаннат Ертілесова.

ҰКП Басқармасы басшысының орынасары сонымен қатар 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру барысымен байланысты бірқатар проблемалы мәселелерге назар аударды. Сонымен, оның айтуынша, жекешелендірудің екінші толқынын жүзеге асырудың барысы аудандық деңгейде әлсіз таныстырылуда, Мемлекеттік мүлік тізілімі порталында бірыңғай электронды сауда алаңының техникалық кемшіліктері бар.

Сонымен бірге Жаннат Ертілесова жекешелендіру нысандары туралы берілген ақпараттың жекешелендіруге қатысу туралы шешім қабылдау үшін жеткіліксіз екендігін, порталдағы жүргізілген сатулар туралы есептік мәліметтердің ашықтық тұрғысынан жеткіліксіздігін, өңірлік деңгейде комиссия жұмыстарын ұйымдастыруға бірыңғай әдіснамалық ұстанымның жоқтығын атап өтті.

Осыған орай, ҰКП сәйкес мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер