«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ЕАЭО сәйкестік сертификатына өзгерістер енгізілді

2019 жылғы 31 Қаңтар
- Жетісу облысы
2453 просмотров

Биылдан бастап өнімге берілетін сертификаттардың жаңа бланктары шықты

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында сәйкестік сертификаттарының / Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭК) сәйкестік декларациясының нысандарын қолдануды түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өтті. Кездесуге ӨКП сарапшысы Жанна Маратова, Алматы облысы бойынша Техникалық реттей және метрология департаменті жетекішісінің міндетін атқарушы Бибігүл Омарова, департаменттің бас маманы Гүлмира Әбдрасилова, мемлекеттік органдар мен компаниялардың өкілдері қатысты.

Бибігүл Омарованың хабарлауынша, ЕАЭО мемлекеттері арасында қолданылатын тауарлар сапасы мен қауіпсіздігі бақылауын қамтамасыз ету үшін сертификаттаудың замануи жүйесі әзірленді.

 2019 жыл 1 қаңтарда өтпелі кезең аяқталды, оның барысында сертификаттау органдарына ескі үлгідегі сертификат нысандарын пайдалануға рұқсат берілді. Енді жаңа жылдан бастап ЕЭК / Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келетін өнімдерге жаңа сертификаттар берілді.

Компаниялар-өндірушілер, ЕАЭО аймағында сатылатын қандай да бір өнімді өндірушілер, аталған процедураны өткеннен соң Еуразиялық Экономикалық одақтың сртификатын алады. Бұл құжат мемлекеттік бірлестіктер елдері арасында тауарларды өздеріне тиімді жағдайда кедергісіз өткізуге көмектеседі.

 «Өнімді техникалық регламенттер талаптарына сай сертификаттау арқылы әр ел үшін жеке-жеке құжат берудің қажеті жоқ, сертификаттау рәсімін аяқтау үшін қажетті уақыт қысқартылады. Сонымен қатар мемлекеттер арасында тауар айналымның жылдамдатуға жол ашады», – деді Алматы облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология департаменті жетекішісінің міндетін атқарушы.

Бұдан бөлек сәйкестік сертификаты мүше елдермен өндірілген тауарға да, шетелдік өндірушілер тауардарына да рәсімделеді.

Кездесу барысында сертификаттау органдары өкілдерінің айтуынша, жеке тұлғалардың жеке пайдалануына, ғылыми-зерттеу және сынақ жүргізу, кәдесый, жарнамалық материал, бұрын пайдаланылған өнім (автокөліктен басқа), спорт командаларын жабдықтау үшін спорт мүкәммалы, жөндеу жұмыстарына қосалқы заттарды бір данадан сырттан тасымалдайтын болса, бұл өнімдерге сәйкестік сертификаттары талап етілмейді.  

«Рұқсат беру құжаттамасын рәсімдеуге талап күшейтілген. Бұл өзгерістер сертификаттау органдары, сынақ зертханалары және өнім өндірушілердің өздеріне қатысты. Бұрын декларация тіркеуге арналған құжаттар топтамасын өтінім берушіде сақталатын болса, қазір бұл құжаттарды сертификаттау бойынша орган да сақтауға міндетті. Бұдан бөлек барлық құжаттардың скан-нұсқасын сәйкестікті растау жөніндегі органдардың жеке кабинетіне жүктеу керек, құжаттардың жүктелген скан-көшірмелерінсіз декларацияның жаңартылған  «Сәйкестік туралы декларациялар тізілімінде» тіркеу мүмкін емес», – деді Алматы облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитеті департаментінің бас маманы Гүлмира Әбдрасилова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер