«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес қызметін қорытындылады

2019 жылғы 21 Қаңтар
- Жетісу облысы
3306 просмотров

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 2018 жылы атқарған қызметіне арналған баспасөз мәслихаты өтті

Шараға Кеңес төрағасы Баниямин Файзулин мен Кеңес мүшесі, Алматы облысы бойынша Адвокаттар алқасы төрағасының орынбасары Данипа Әділбекова қатысты.

Баниямин Файзулиннің сөзінше, Кеңес 2014 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін тиімді және жүйелі шешуге, сонымен бірге өңірдегі бизнестің проблемаларын көпшілікке таныстыру мақсатында құрылған.

«Өткен жылы Кеңестің 8 отырысы өтіп, онда 25 проблемалық сұрақ қарастырылды. Олардың шамамен 70%-ы бизнес пайдасына шешілді, қалғаны қаралу үстінде. Кәсіпкерлер құқығын бұзған 3 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Бірақ, ең бастысы, жұмысымыз мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлерге деген, жалпы өңірдегі бизнестің дамуына деген көзқарасын өзгертуге бағытталып отыр», - деді Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзулин.

Спикердің айтуынша, кәсіпкерлер өтінішінің басым бөлігі жер қатынастары мен мемлекеттік органдар әрекетіне шағым жасаумен байланысты.

Кеңестің тиімді қызмет етуінің бір себебі – құрамында түрлі салалардан келген сарапшылардың болуы. Кеңесші-сабағаттық орган құрамында облыс әкімдігінің, прокуратураның, облыстық мәслихаттың, мемлекеттік кірістер департаментінің, Адвокаттар коллегиясының, Экономикалық тергеулер қызметінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттік департаментінің, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есептер басқармасының, сондай-ақ, бизнес-қауымдастықтар өкілдері бар.

 «Кеңес жүйелі мәселелермен бірге, жеке сұрақтарды, шағын бизнесті қолдау мәселелерін зерттейді. Кәсіпкерлер палатасына келетін өтініш, жеке кәсіпкер не шаруа қожалығы немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінен болсын, кез келген арыз-шағым жіті зерттеліп, сараптамадан өтеді. Егер мәселені заң тұрғысында шешу қажет болса, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданады», - деді Кеңес мүшесі Данипа Әділбекова.

Биыл Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесті аудандардағы қызметін күшейтіп, көшпелі отырыстарды өткізуді жоспарлап отыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер