«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қызылордада «Бизнес-кеңесшіні» оқыған азаматтарға 1 млрд.теңге берілді

2019 жылғы 18 Қаңтар
- Қызылорда облысы
3242 просмотров

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылып жатқан «Бизнес-мектеп» құрылымы бүгінде іспен айналыссам деген азаматтар арасында сұранысқа ие жобалардың бірі.

Бұл туралы Палата басшысы Ғалымбек Жақсылықов: «Біздің мамандар оқытып қана қоймай, жобаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, сүйемелдеу жұмыстарын жүргізіп келеді. 2017 жылы «Бизнес-кеңесші» оқу курсын оқыған 1555 азаматтың ішінде жалпы сомасы 271,8 млн.теңгені құрайтын 76 адамның жобасы шағын қаржы ұйымдары арқылы арқылы қаржыландырылса, өткен жылы біз сапаға басымдық бердік. Атап айтқанда, «Бизнес-кеңесші» оқу курсы бойынша 1347 адамды кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыттық. Бүгінгі күнге дейін олардың ішінде 412-сі өз жобаларына әр түрлі қаржы көздерінен 1 млрд.теңге алып, кәсібін жүргізуде» - дейді.

Мұнан өзге, өткен жылы «Бизнес өсу» жобасы аясында 136, «Тәлімгерлік оқыту» бойынша 65 адам білімін жетілдірген.

Сондай-ақ, алғаш рет Қызылорда қаласында «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында Қазақстан-Британ Техникалық университетінің тәлімгерлері Қызылордаға келіп, облыс бойынша 35 азаматты оқытқан.

Ал «Аға сеньорлар» жобасы аясында өңірімізге Түркия елінен 7 сарапшы келіп, кәсіпкерлерімізге өз тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, бұл мамандар Сырдария ауданында және Қызылорда қаласында мектепке дейінгі білім беру саласында, Жалағаш, Қазалы аудандарында кондитер және наубайхана саласында, Қызылорда қаласында пластик өңдеу саласында, Жаңақорған ауданында емдеу-сауықтыру шипажайының асхана сервисін жетілдіру, Арал ауданында балық өңдеу саласы бойынша біздің кәсіпкерлерімізге бизнесін жүргізу бойынша тың ақпарат беріп, тегін қызмет көрсетті.

Оқырманға түсінікті болуы үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясындағы «Бизнес-мектеп» құрылымына енетін жобалар туралы қысқаша ақпарат беріп өтсек:

«БИЗНЕС-КЕҢЕСШІ» – бастамашыл азаматтар мен кәсіпкерлерге кәсіпкерлікті жүргізуге негізделген қысқа мерзімді оқыту курсы.

«БИЗНЕС-ӨСІМ» - жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлерге бизнесінің тиімділігін арттыру мен дамытуға арналған оқыту курсы (оқыту тақырыптарының тізімінің ішінен кәсіпкерлердің таңдауы бойынша).

«ТӘЛІМГЕРЛІК ҚАҒИДАСЫ» – монақалалар, шағын қалалар мен аудан орталықтарында тәлімгерлік қағидасын негізге ала отырып кәсіпкерлер үшін жобалық оқыту.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер