«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге сауда нүктелерінде кеңес беріледі

2019 жылғы 18 Қаңтар
- Қарағанды облысы
6567 просмотров

Қарағандының үш сауда нысанында Жұмыспен қамту орталығы бөлімшесі ашылды.

Енді базарларда көкөніс, жеміс-жидектен басқа жұмыс тауып, жеке кәсіпті ашуды үйренуге болады. Бұл сұрақтар бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының мамандары толымды кеңес береді.

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы осы жобаны қолдаған алғашқы ұйымдардың бірі. «Атамекен» кеңес берушілері «Арай, «Алтын Арба» және «Шығыс» базарларында кәсіпкерлер мен тұрғындарға бизнес бойынша қызықтыратын сауалдар бойынша кеңес беруді бастады.

Кабинеттер күнделікті жұмыс істейді. Бизнеске қатысты сұрағы бар кез келген адам бөлімшелерге барып, кеңес ала алады. Консультациялар тегін көрсетіледі.

 Базарға барып, кеңес берудің себебі – саудамен айналысатын кәсіпкерлердің әдетте Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына баратын уақыттары жоқ. Осы ретте базарда жұмыс істейтін кәсіпкерлерде сұрақтар мен бизнес жүргізуде қиындықтар көп. Мәселен, есептілікті жүргізу, салық төлеу түйткілдері. Сондықтан «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы сауда нүктелердің шоғырланған аймақтарына барып, консультациялық қызмет көрсетуді шешті.

 «Негізінен кәсіпкерлер салықтық есептілік, жеке кәсіпкерлікті ашу, яғни заңгерлік көмек алу бойынша кеңес сұрайды. Тексерулерге тап болса, оның заңдылы жүргізілгенін сұрайды. Бұдан бөлек шағын несиелеу бойынша толымды кеңес береміз, мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы ақпарат беріледі. Кәсіпкерлер арасында бизнесін кеңейту, бизнес-жоспар құру  және оқуға қызыққандар бар. Сонымен қатар әр кәсіпкерге немесе Палата көмегіне жүгінген кәсіп ашуға ынталы адамға жаңа өнім – «Atameken Services» онлайн-қызметтер порталының мүмкіндіктері таныстырылады», – деді Қарағанды ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Жақсылық Ахметбеков.

 Кеңес беретін бөлімшелер аумағын кеңейту қажеттілігі бизнес өкілдерінің қалалық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына уақыт тапшылығы салдарынан бара алмайтыны себепті туындаған. Қарағанды облысы бойынша Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Ермеков көшесі 29 мекенжайы бойынша орналасқан.

 Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Қарағандыдағы сауда орындары шоғырланған орталықтарына мамандарды орналастыруды жоспарлап отыр. Осындай бөлімше Теміртау қаласының ірі базарында ашылды. Базардағы кеңес беру кәсіпкерлерге сервистік қолдау саласындағы жаңа қызмет түрі болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер