«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ресей бизнесмендері аяқ киімді таңбалау бойынша тәжірибелерімен бөлісті

2019 жылғы 17 Қаңтар
3159 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен қолға алынған жиындар легі бойынша аяқ киімді таңбалауға қатысты бизнестің мақұлданған позициясын қалыптастыруға арналған бірінші жиын өтті

Кездесуді аша отырып, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева Қазақстанның аяқ киім өнеркәсібі бизнесінің өкілдері аяқ өнімдерін таңбалау бойынша пилоттық жобаны жүргізуді ұсынып отырғанын айтты.

 «Отандық бизнес экспорттық нарықтарын жоғалтқысы келмейді, өйткені Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында аяқ киім өнімін таңбалау пилоттық жобалары басталып кетті», – деді Юлия Якупбаева.

Ресей Федерациясының Бірыңғай операторы жобасының (ЦРПТ) жетекшісі Вера Волкова Ресейде аяқ киім өнімін таңбалау бойынша эксперимент 2018 жыл 1 маусымда басталып, 2019 жыл 1 шілдеге дейін жалғасатыны жайында хабарлады.

«Қазіргі таңда таңбалаудың кодын генерациялау (ол: GTIN, бірегей сериялық нөмір, сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (ТН ВЭД) 4 белгісі және тексеру коды атты төрт топтан тұрады), кодтың эмиссиясы, мөр және кодты басу сынды таңбалаудың негізгі нышандарды апробацияланды. Пилотқа 200-ден астам компания қатысуда, 3 млн-нан астам код  жасалды, оның 95%-ы импорттаушыларға берілді. Осы ретте коды бар марканы тұтынушылық қаптамаға, тауар белгісіне, сонымен қатар аяқ киімнің өзіне басуға болады», – деді Вера Волкова.

Қазақстан өкілдері аяқ киім өнімінің қалдығын таңбалау және таңбалау кезінде криптографиялық қорғауды қолдануға қатысты сұрақтар қойды.

 Ресей тарапы өнім қалдығын таңбалау ережелері әлі дайындық үстінде екенін және бұл туралы ақпарат кейінірек берілетін жайында хабарлады.

 ЕАЭО мемлекеттері қазіргі таңда таңбалау кезінде бірыңғай криптоқорғауды пайдалана алмайтынын ескере отырып, Ресей Федерациясының Бірыңғай операторы жобасының өкілі Александр Мигаловский крипто қорғауды пайдалану мәселесі ЕАЭО мүше мемлекеттері қарауында жатқанын айтты.

 «Егер мүше мемлекет таңбалау кезінде тексеру кодын пайдаланғысы келсе, оны пайдалана алады. Қазіргі таңда міндетті талаптар жоқ», – деді Александр Мигаловский.

Пилоттық жобаға қатысушы ресейлік бизнестің өкілдері  таңбалауды енгізу міндетіндегі ең бастысы – бизнес-процестерді дұрыс ұйымдастыру екенін хабарлады.

 Ресей Федерациясында таңбалау процедурасын кәсіпкерлердің (импорттаушылар мен өндірушілер) қолданыстағы бизнес-процестеріне  интеграциялау бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Осы ретте таңбалауды басудағы шығын аз (50 ресейлік тыйын), бірақ, компания ауқымына байланысты  жабдықты ретке келтіру және тауарды бақылауға (сканерлер, агрегаторлар) белгілі бір шығандар кетеді», – деді бизнес-қоғамдастық өкілдері.

 Жиын қорытындысы бойынша ЕЭК өкілдері қатысушыларға:  

«Аяқ киімді таңбалауды енгізу процестерін енгізуге 4 мемлекет ынта білдірді. Осыған байланысты РФ Минпромторгі Еуразиялық Экономикалық комиссияға таңбалау және қадағалау туралы келісім рәсімдеріне сәйкес таңбалау үдерісінің басталуы туралы хабарлама жібереді. Хабарлама алынған жағдайда ЕЭК жанынан жедел режимде жұмыс тобы құрылады. Оның алаңында ЕАЭО шеңберінде аяқ киімді таңбалауға қатысты барлық мәселелер талқыланатын болады», – деп хабарлады.

 Ары қарай сүт өнімдері, жиғаз өнімдері, парфюмерия мен сыраны таңбалау бойынша пилоттық жобаларды талқылауға қатысты отырыстар өткізу жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер